Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
Фото: almaty.tv
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжіліс депутаттарымен және өңір белсенділерімен кездесіп, көліктер мен ауылшаруашылық техникаларын кәдеге жарату төлемін, сондай-ақ бастапқы тіркеу төлемін қайта қарау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр Қанат Шарлапаев депутаттар Нартай Сәрсенғалиев, Наурыз Сайлаубай және белсенділермен әңгімесінде қайта өңдеу төлемі мен бастапқы тіркеу алымы жаңа автокөліктерге сұранысты ынталандыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша олардың жойылуы елдің экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығы үшін апатты зардаптарға әкелуі мүмкін екен.
Қайта өңдеу төлемін және бастапқы тіркеу үшін төлемді қолдаудың министр келтірген негізгі дәлелдері:
1. Экономикалық тұрақтылық. 2016 жылы қайта өңдеу төлемін енгізу және бастапқы тіркеу үшін алым жаңа автокөліктерге әкелінетін кедендік баж салығын параметрлерге байланысты 30%-дан 15%-ға дейін, ал ескі автомобильдерге 48%-дан және 120%-дан 15%-ға дейін төмендеді. Бұл отандық автомобиль өнеркәсібі дамуын ынталандырып, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызды. Нәтижесінде 2023 жылы шамамен 198 мың көлік сатылса, оның 71 пайызы отандық өнім болыпты. 2023 жылы тек автомобиль өнеркәсібінің қолданыстағы жобаларына салынған инвестиция көлемі 35,8 млрд теңге болса, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артыпты.
2. Автокөлік паркін жаңарту. Автокөліктердің жасына қарай өзгеретін автокөліктерді бастапқы тіркеуге төленетін сараланған төлем еліміздің көлік паркін жаңартуға ықпал етіпті. 2 жылға дейінгі автокөліктерге салық мөлшерлемесі 923 теңге, бұл көлік паркін жаңарту саясатын қолдайды екен.
3. Экологиялық тұрақтылық. Қайта өңдеу ақысы жоғары экологиялық кластағы жаңа автомобильдерді сатып алуға және шығаруға жағдай жасайы. Сонымен қатар, Қазақстанның ДСҰ бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға және қайта өңдеу жүйесін құруды қамтамасыз ету арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді екен.
4. Әлеуметтік маңызы. Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінде 6 мыңға жуық адам, сабақтас салаларда 9,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жаңа жобалар арқылы қосымша 7,3 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Алымдарды жою зауыт жұмысшыларын жұмыссыз қалдырып, елдегі бүкіл өңдеу өнеркәсібін өлтіруі мүмкін екен.
5. Технологиялық даму және инновация. Қайта өңдеу ақысы сонымен қатар автомобиль өнеркәсібіндегі технологиялық даму мен инновацияны қолдайды. Оның арқасында Қазақстанда пластикалық бөлшектер, ауа шығару жүйелері, орындықтар, мультимедиялық жүйелер, шиналар мен аккумуляторлар сияқты бөлшектерді шығару жобалары жасалуда. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық автомобиль өнеркәсібінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырады екен.
Министр Шарлапаев 2022 жылы кәдеге жарату ақысын 50%-ға төмендеткеннен кейін ескі көліктер санының көбеюі байқалғанын, бұл көлік паркі құрылымының ескірген көліктер үлесінің артуына қарай өзгергенін көрсететінін атап өтті.
Алайда оның айтуынша, бұл төмендеу импорттық көліктердің құнына ешқандай әсер етпепті. Жолдағы ескі және жарамсыз көліктердің көбеюі қауіпсіздік пен экологияға кері әсерін тигізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық