Қостанайда аязға байланысты жұмыс күнін қысқарту ұсынылды

cover

Суық күн қостанайлықтарды қоғамдық көліксіз қалдырды. Кейбір автобустар дизельдік отын қатып қалғандықтан желіге шықпады. Осыған байланысты әкімдік жұмыс берушілерге тұрғындардың ертерек үйлеріне жетуі үшін жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қалада көлік апаты екінші күннен бері жиілеп кетті. Автобустар саны азайды, кесте бойынша - олар кешкі сағат тоғызға дейін ғана жұмыс істейді. Қостанайлықтар 30 градус аязда қоғамдық көлікті қырық минут күтуге мәжбүр болды.

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты қысқы дизельдік отын қатып, кейбір автобустар маршрутқа шықпады. Осыған байланысты 12 желтоқсанда қоғамдық көліктерге де шектеу қойылады»,- деді әкімдіктегілер.

Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, қала билігі мемлекеттік органдарға, оқу орындарына, кәсіпкерлерге және басқа да ұйымдарға қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Қостанайда мектеп оқушылары алты күннен бері қашықтан білім алуда. Аязға байланысты облыстағы бірнеше тас жол дизельді және қоғамдық көліктер үшін жабылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар