Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия туралы заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады. Құжат Президенттің тапсырмасымен әзірленген және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл — Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі оныншы амнистия. Ол ең алдымен қоғам мен мемлекет үшін айтарлықтай қауіп төндірмейтін құқық бұзушылық жасағандарға қатысты қолданылады.
Яғни, жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған, соның ішінде келтірген залалын өтеген сотталғандарға қатысты. Жоба сондай-ақ әлеуметтік осал топтардың жағдайын ескеріп, олар үшін залал өтелмесе де бостандыққа шығу мүмкіндігін қарастырады.
Сонымен бірге, амнистия мына санаттағы адамдарға қолданылмайды:
- мемлекеттік құпияларды жариялағандар;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағандар (мысалы, пара алғандар);
- қылмыспен күресті күшейту үшін енгізілген Қылмыстық кодекстің жаңа баптары бойынша сотталғандар.
Депутат Абзал Құспанның айтуынша, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 40 мыңнан астам адам бар — оның ішінде 33 мыңы сотталғандар және 7 мыңға жуық адам тергеу изоляторларында отыр. Тағы 27 мыңнан астамы пробация қызметінде есепте тұр. Амнистия 6 мың сотталған мен 9 мың пробацияда тұрған адамға қатысты болады деп жоспарланып отыр.
Осылайша, барлығы 15 мың адам амнистияға ілігеді. Олардың ішінде шамамен 632 адам бостандыққа шығады, сондай-ақ пробация есебіндегі 3,5 мың адамға қатысты осындай шешім қабылданады. Бұдан бөлек, жаза мерзімін қысқарту 5,4 мың сотталған мен пробация есебіндегі 5,5 мың адамға қолданылатын болады — барлығы 11 мың адамға.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал топқа жататын 629 адам бар. Олардың 57-сі босатылады, ал 572-сіне жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.
«Амнистия туралы заң жобасы 833 әйелге қатысты. Оның 109-ы бостандыққа шығады, ал 724-іне жаза мерзімі қысқартылады. Қылмыстық-атқару жүйесінен босағандардың аз болуы — бұл жерде сотталған әйелдердің 92 %-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандығымен, оның ішінде 16 %-ы — рецидивист екендігімен байланысты», — деді Құспан.
Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия киіктер үшін сотталғандарға да қатысты болады. Киіктерді заңсыз аулағаны үшін сотталған 24 адамның 21-і амнистияға ілігіп отыр. Тағы бір санат — өлі киіктердің мүйіздерін жинағандар. Мұндай сотталғандардың барлығы да бостандыққа шығады.
Алайда бостандық бұл адамдардың мемлекет алдындағы барлық қарызынан құтылады дегенді білдірмейді. Көпшілігінде мемлекет өтемақы ретінде талап етіп отырған миллиондаған теңге қарыз бар.
«Бұл — мемлекетке және қоршаған ортаға келтірілген залал. Мұндай қылмыстар үшін негізгі жаза — бас бостандығынан айыру. Ал жазасын өтегеннен кейін де адам мемлекетке келтірген залалды өтеуге міндетті. Оны өзі өтей ме, сот орындаушылары арқылы ма, әлде жалақысынан ұстала ма — оны тиісті мемлекеттік органдар шешеді», — деді депутат.
2019 жылдан бері экологиялық қылмыстар үшін жазалау күшейген соң 800-ге жуық адам сотталған. Олардың 180-і қазір түрмеде отыр. Келтірілген залал сомалары миллиондағаннан миллиардтаған теңгеге дейін жетеді. Амнистия біреулерді толық босатса, енді біреулердің жаза мерзімін қысқартады.
Соңғы айларда парламентке есірткі «тыққандар» ісі бойынша сотталғандардың ата-аналарынан өтініштер көптеп түсе бастады. Көбісі балаларының амнистияға ілігіп, бостандыққа шыққанын сұрайды, себебі қылмысты білместікпен, ақымақтықпен, жастықпен жасағандарын, енді қайталамайтындарын алға тартады.
Алайда депутат Абзал Құспан түсіндіргендей, бұл санаттағы сотталғандар амнистияға ілікпейді.
«Бұл мәселе шынында да талқыланды. Өздеріңіз білесіздер, биыл Қылмыстық кодекске жеңілдіктер енгізілді. Есірткі жасырғандар үшін жаза жұмсартылды. Дифференциация енгізілді: есірткі өндіру — қатаңдатылды, ал оны әр жерге тыққандар үшін — жұмсартылды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігі пайда болды. 11 маусымға дейін есіртеі жасырғандар үшін сотталған 415 адам босатылды. Қабылданған түзетулердің арқасында тағы 2000-ға жуық адам бостандыққа шыға алады», — деді депутат.
Амнистияны талқылау кезінде пікірлер екіге жарылды. Бұл санатты тізімге қосуға жақтастар да, қарсы болғандар да болды.
«Біз жәбірленушілерді, зардаптарды ұмытпауымыз керек. Өкінішке қарай, есірткіден зардап шеккендер саны азаймай отыр», — деп атап өтті Құспан.
Бас прокурордың орынбасары өз кезегінде есірткі сақтау (ҚК 296-бабы) амнистияға іліккенін, ал тарату (ҚК 297-бабы) — ілікпегенін еске салды.
Амнистия жобасы ІІМ, Бас прокуратура, Сот әкімшілігі және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірленген. Мәжіліс комитеттері құжатты бірауыздан қолдады. Енді оны Сенат қарайды.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады