Алматы полициясы 12 жастағы баланың өліміне қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді
Фото: Orda.kz
Қайғылы оқиға 10 маусым күні болған. Пышақ жарақатын алған 12 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұммен таныс болған 13 жастағы алматылық жасөспірім ұсталған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция мәліметінше, қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеушілер оқиға орнынан және оған жақын аумақтардан алынған бейнежазбаларды, сондай-ақ қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға көмектесуі мүмкін басқа да цифрлық деректерді зерттеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеген.
«Барлық уәждер мен нұсқалар тексеріліп жатыр» деп мәлімдеді полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қылмысқа бір кәмелетке толмаған жасөспірімнің қатысы бар екені анықталған. Күдікті ұсталып, арнайы мекемеге орналастырылған.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, өлімге әкелген пышақ жарақаттары өзара келіспеушілік салдарынан туындаған жанжал кезінде салынған.
Алдын ала анықталған деректерге, соның ішінде бейнежазбалар мен хат алмасуларға сәйкес, қаза тапқан жасөспірім мәселені анықтау үшін күдіктінің үйіне барған.
Полиция сондай-ақ жәбірленуші тарапқа іс бойынша қазіргі уақытта белгілі барлық мән-жайлар түсіндірілгенін хабарлады.
Тергеу барысы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бұған дейін марқұм баланың туыстары оған тоғыз жерден пышақ салынғанын мәлімдеген болатын. Олар күдіктінің жасына байланысты қатаң жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдаған. Сондай-ақ тәркіленген бейнежазбаларға қол жеткізе алмағандарын және тергеудің барлық егжей-тегжейін білмегендерін айтқан еді.
Енді полиция жәбірленуші тарапқа іс бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.
Баланың жаназасы жұма күні шығарылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық