Көтерілген Қарақалпақстанның көкейіндегі не?
news1
1 шілдеде Қарақалпақстанда (Өзбекстан құрамындағы республика) толқулар басталды. Мұның бәрі Конституцияның жаңа редакциясында Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін алып тастау және соның нәтижесінде республика құрамынан шығу құқығын алып тастау туралы шешім қабылданғандықтан болып отыр. Бірақ мұндай бұрылысқа қарақалпақтар қарсы шықты. Олар әзірге нақты талаптар қоймады, дегенмен қазірдің өзінде халық егемендіктерін қорғауға құлшыныспен кіріскен.
Наразылықтар
Конституцияға енгізілген өзгертулерге (әлі бекітілмеген) ашуланған қарақалпақтар бір тәулікке жуық болып жатқан жайт туралы өз пікірлерін өктем айтып жатыр. Бас Нүкіс қаласында (Қарақалпақстан Республикасының астанасы – ред.) халық кешеден бері наразылық акциясын өткізіп жатыр. Қарақалпақтар әлеуметтік желілерде, телеграм каналдарында саяси оқиғаға деген келіспеушіліктерін білдіруде.

Жергілікті БАҚ көптеген интернет-ресурстардың жабылып қалғанын, оларға құқық қорғау органдары тарапынан қысым жасалып жатқанын айтады. Ал бүлік шыққан астанада мобильді интернет жылдамдығы тіпті төмендеген және оппозиция сендіргендей, полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданып үлгерді. Елдің Ішкі істер министрлігінің ресми нұсқасына сәйкес, қазір барлық жағдай бақылауда.

Басқа елдерде жұмыс істеп, тұрып жатқан қарақалпақтар да шетте қалмауға бел буған. Қазақстанда, нақтырақ айтсақ, Атырауда Нүкістегі наразылық акциясын қолдап видеоға түсіргісі келген қарақалпақстандық жұмысшылар ұсталғаны хабарланды.
«Бізді сағат 01:30-да ұстады, полиция бөліміне жеткізді. Қазақстанда митингке шықпаңдар, мұнда рейд басталды» дейді видеодағы адам.
Ер адам Orda.kz тілшісіне полиция бөлімшесіне қырықтан астам адам жеткізілгенін айтты. Кейін кейбіреулері босатылған, ұсталғандардың бір бөлігі полиция бөлімшесінде қалған.
Атырау облыстық көші-қон полициясы департаменті бір күн бұрын қала алаңына 70-80-ге жуық адам жиналғанын түсіндірді. Сонымен бірге, олар аймақта «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы жүргізіліп жатқанын, іс шара барысында көптеген адамдар ұсталғанын қосты.
Қарақалпақстанда өзбек, қарақалпақтармен қатар қазақтар да тату-тәтті өмір сүріп жатқаны белгілі. Сандық қатынас бойынша бәрінің жағдайы бірдей. Осыдан бір жыл бұрын: Қазаққа ең жақын халық – қарақалпақтар деп айтқан ғалым Жақсылық Сәбитовтің сөзін еске алатын кез келді. Ал кейбіреулер тіпті қарақалпақтарды қазақтар деп есептейді.
Республика құрамындағы республика
Облыс 1930-1932 жылдары РСФСР-ге тікелей бағынышты болды. 1932 жылы Қарақалпақ АССР (Қарақалпақ АКСР) құрылып, 1933 жылы автономиялық республика астанасы Төрткүлден Нүкіс қаласына көшірілді. 1936 жылы желтоқсанда Қарақалпақ АССР-і Өзбек КСР-нің құрамына енді. 1993 жылы 9 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы басшылары арасында «Қарақалпақстан Республикасының Өзбекстан Республикасына кіруі туралы» мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Келісімшарттың мерзімі 20 жыл деп белгіленді. Сол жылы ел өзінің Конституциясын, Елтаңбасын, Әнұранын, Туын қабылдады. Ал республика басшысы болып Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің (кейінірек Жоғарғы Кеңес) төрағасы тағайындалды.

Демек, Өзбекстан Конституциясының 74-бабына (оны алып тастамақшы – ред. ескертпе) сәйкес, «Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасынан жалпыхалықтық референдум негізінде Қарақалпақстан халқы Өзбекстан Республикасынан шығуға толық құқылы». Бірақ, жоғарыда айтылғандай, келісімнің мерзімі небәрі 20 жыл, яғни 2013 жылы республиканың мәртебесін одан әрі анықтау үшін референдум өтуі тиіс еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әр жылдары оппозиция бұл мәселеге назар аударуға тырысқан. Бірақ қазіргі 2022 жылдың өзінде мәртебесі ресми түрде белгіленбеген. Бірақ осы уақыт ішінде Өзбекстан билігі жүйелі түрде ортақ дамуға бет бұрған.

News1 хабарлауынша, бүгінде Қарақалпақстандағы барлық билік шын мәнінде Ташкентке (Өзбекстан Республикасының астанасы – ред. ескерт.) бағынады. Оның үстіне Жоғарғы Кеңес төрағасы лауазымына кандидаттарды сайлау президент Шавкат Мирзиеевсіз өтпейді. Соған қарамастан қарақалпақтардың егемендігі әлі күнге дейін мызғымас болып саналады. Бірақ Конституцияға түзетулер қабылданса, Қарақалпақстанның барлық аумақтық игіліктері ресми түрде Ташкенттің бақылауына өтеді дейді мамандар.
Территориялық мұрагерлік
Қарақалпақстан аумағы бойынша бүкіл Өзбекстанның жартысына жуығына тең – 166 600 шқ², яғни жалпы территорияның 40% жуығы. Онда екі миллионнан сәл аз адам тұрады (Өзбекстандағы жалпы халық саны 35 миллионнан асады).
Ресми деректерге сүйенсек, ел аумағында көптеген пайдалы қазбалар бар, алтынның, газдың, темірдің, фосфориттердің, бентонит пен каолин саздарының, қарапайым және глаубер тұздарының, гранит пен мәрмәрдің орасан зор кен орындары бар. Оппозицияның пікірінше, республика мәртебесін жылдам анықтауға басты себеп болған да осы минералдар (бұл жерде жақында ғана битумды мұнай табылған деген болжам бар).
Дегенмен қарақалпақтардың асыл кен орындарынан бөлек мақтанатын дүниелері де жетерлік. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар ағылған Орталық Азиядағы ең атақты өнер мұражайы Нөкіс қаласында орналасқан. Қазір ол Қарақалпақстан Республикасы атындағы Мемлекеттік өнер музейі деп аталады. Мұнда И.В.Савицкийдің 90 мыңнан астам экспонаттары бар, ол қазір «Орта Азия Третьяков галереясы» болып саналады.

Республика табиғи, тарихи, сәулеттік және археологиялық көрікті жерлерге бай, билік өкілдерінің айтуынша, ол инвесторлар үшін өте тартымды. Туризм ауыл шаруашылығымен қатар маңызды сала болып саналады.
Пікір
Бірақ, біздің қазақ тарихшыларының пікірлеріне қарағанда, республика өркендеуден алыс.
«Көктемде мен Қарақалпақстанда болдым. Нүкісте екі күн ғана. Митинг кадрларынан қала орталығы мен базар аумағын таныдым. Содан Үргенішке көлікке міндім. Мен бұл туралы аймақ сарапшысы болғансып жазғым келмейді, жай ғана туристің үстірт бақылаулары деп түсініңіздер.
Біріншіден, менің көзіме түскені экономикалық терминдердегі таңқаларлық айырмашылық. Өзбекстанның басқа аймақтарында бизнес көзге көрініп дамып, үйлер салынып, жолдар салынып жатқан болса, Қарақалпақстанда бұған қарама-қайшы көрініс бар. Бәлкім, бұл аймақтық теңгерімсіздік объективті себептермен қалыптасқан болуы да мүмкін. Бірақ жергілікті халық өздерін Ташкент назардан тыс қалдырған деп санайды» деп жазады тарихшы Радик Темірғалиев.
Оның айтуынша, Нүкіс қаласындағы кітап дүкендері көлеңкеде қалған, оларда қарақалпақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысты кітаптар жоқтың қасы. Ал Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер Қарақалпақстанды тәуелсіздік алудың теориялық мүмкіндігінен айырады, деп есептейді Темірғалиев.
Сонымен қатар, әлем сарапшылары Қарақалпақстан көптеген мемлекеттер үшін тәтті жем бола алады деп есептейді. Қазір республиканы Украинаның Қырымы мен Донбасымен салыстырып жатқандар көп.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты