Головкин мен Бас прокуратура меморандумға қол қойды
Фото: ҚР ҰОК
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Бас прокуратура спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласындағы заңдылықты нығайту, бюджет қаражатының ұрлануы мен басқа да қылмыстардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алу», деп мәлімдеді Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Тараптар болашақта құқық қорғау органдары қызметкерлері арасынан көрнекті спортшыларды тәрбиелеу үшін құқық қорғау органдарында спортты насихаттау бойынша бірлескен жұмыстар мен ортақ жобаларға келісті.
Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында уәкілетті органмен бірлесе отырып, кәсіби спорттағы маңызды мәселелерді шешуге және саладағы заңнаманы жаңартуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
Бұған дейін ҰОК ҚР Ішкі істер министрлігімен спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ елдегі олимпиадалық қозғалысты нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасқан болатын.
Жаңалықтар
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты