Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
Фото: Depositphotos
Петропавл қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратуға күдікті екі адамды, 25 жастағы ер адам мен 18 жастағы қызды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың жанынан ірі көлемдегі «спайс» тәркіленді. Алайда ұстау кезінде күдіктілер қарсылық көрсетіп, ашып кетпеші болған.
Полиция мәліметінше, жастар тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қашуға әрекет жасаған.
Қуғын барысында ер адам жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне кіріп кетіп, сауда сөрелерін аударып, витриналарды сындырған және тауарларды шашып, полиция қызметкерлеріне кедергі келтірген.
Сауда залында күдікті айғақ заттардан құтылу үшін ұнтақ тәрізді зат салынған орамды лақтырып жіберуге тырысқан. Дегенмен жасаған тәртіпсіздігіне қарамастан, жедел қызметкерлер оны сол дүкеннің ішінде ұстады.
Полицияның хабарлауынша, медициналық куәландыру нәтижесінде 25 жастағы ер адамның есірткіге мас болғаны анықталған. Ал оның серіктесі психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған болып шықты.
Тінту барысында күдіктілерден бөлшектеп сатуға дайындалған 11 орам «спайс» тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 160 грамм болған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша психотроптық заттарды заңсыз айналымға енгізу және сату дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және дүкен мүлкін бүлдіргені үшін де жауапқа тартылады.
Еске салсақ, Тараз қаласында шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратып жүр деген күдікпен ұсталғанын жаздық.
Полицияның дерегінше, 29 жастағы күдіктіні жеке тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған 10 орам табылып, тәркіленген. Сонымен қатар, сол маңнан тағы 18 ұқсас орам анықталған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық