Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ аймақтағы істерге араласуын тоқтатпайынша Ормуз бұғазын толық жабатынын мәлімдеді. Осы жағдай аясында америкалық әскери күштер бір апта ішінде Иранға қарсы үшінші рет соққы жасап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, жаңа операцияға Кипр туы астында жүзіп келе жатқан контейнер тасымалдаушы кемеге жасалған шабуыл себеп болған. Вашингтонның айтуынша, соққыдан кейін кемеде өрт шығып, қозғалтқыш бөлімі қатты зақымданған, экипаж мүшелерінің бірі хабар-ошарсыз кеткен.
Ал Тегеран бұл оқиғаға басқаша түсініктеме береді. Әскери мәліметтерге сәйкес, кеме «заңсыз бағытпен» жүрген, транспондерін өшірген және кеме қатынасына қауіп төндірген. Ол ескерту ретінде атылған оқтан кейін тоқтаған.
Бұған жауап ретінде АҚШ Иранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелер мен азаматтық кеме қатынасына шабуыл жасау мүмкіндігін жою мақсатында жаңа соққылар сериясын бастады.
«Иран қателік жасады. Енді олар соның төлемін өтейді» деп жазды АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет X әлеуметтік желісінде.
Press TV телеарнасының хабарлауынша, көп ұзамай Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық нысандарға жауап соққыларын бастады.
Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы бітімнің енді күші жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол келіссөздердің жалғасуы мүмкін екенін де жоққа шығармады, деп жазады BBC. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи өз кезегінде АҚШ-ты өзара түсіністік туралы меморандум шарттарын бұзды деп айыптады.
Соңғы бір аптада тараптар Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдардан кейін бірнеше рет өзара соққы алмасты. Бұған дейін АҚШ Ираннан мұндай әрекеттерден ашық түрде бас тартуды талап еткен болатын.
«Мың зымыранды Иранға бағыттаймын» деген Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты. АҚШ 11 шілде күні Ираннан Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалатын шабуылдардан ашық түрде бас тартуды және әлемдегі ең маңызды теңіз бағыттарының бірі халықаралық кеме қатынасы үшін ашық болып қалатынын растауды талап етті.
Сонымен қатар АҚШ пен Иран Пәкістанның делдалдығымен келіссөздерді қайта бастайтынын мәлімдеген болатын.
Осы арада Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи әкесінің қазасы үшін кек алатынын мәлімдеді. Дегенмен тараптар арасындағы келіссөздер үдерісі тұрақсыз қалып отыр. Бұған дейін АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, атысты тоқтату, соның ішінде Ливандағы шиеленісті азайту жөнінде келісімге келген болатын.
Алайда көп ұзамай екі жақ қайтадан өзара соққы жасай бастады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық