15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
Фото: ҰОК
Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияда өткен әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатып, өз салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Колумбияның Кали қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста қазақстандық спортшы Нұржан Жұмабай 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 15 жастағы спортшы қос сайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (жұлқа көтеруде – 155 келі, серпе көтеруде – 193 келі) еңсерді.
Сонымен қатар Жұмабай өз жас санатындағы спортшылар арасында серпе көтеруден 193 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты.
Айта кету керек, бұл — жас спортшының мансабындағы алғашқы әлем чемпионаты.
Күміс жүлдені испаниялық Эрик Гуадамуд Пико (344 келі) жеңіп алса, қола медаль мексикалық Хосе Орландо Мантиллаға (335 келі) бұйырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық