Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
Фото: Көрнекілік үшін
Ақмола облысының Қызылжар ауылында көлік карьерге батып кетіп, екі бала қаза тапты. БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, әпкелі-сіңлілі екі қыз отырған көлік суға сырғып түсіп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бір қыз 8 жаста, екіншісі 12 жаста болған. Балалар су болған киімдерін ауыстыру үшін көлік ішіне кірген» деп жазылған жарияланымда.
Басылымның жазуынша, көлік кенеттен орнынан қозғалып, төмен қарай сырғып, суға түсіп кеткен.
«Әкесі бірден балаларды құтқаруға ұмтылғанымен, есікті аша алмаған, әйнекті де сындыра алмаған» деп жазды басылым.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осындай қайғылы оқиғаның болғанын растады. Оқиға су толып қалған карьерлердің бірінде болған.
«Кәмелетке толмағандар отырған автокөлік белгісіз себептермен суға сырғып кеткен.
Құтқарушылар судан көлікті шығарып, ішінен қаза тапқан екі баланың денесін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық