Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Алматыда басты рөлді әлемге әйгілі актер Джеки Чан сомдайтын «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық киножобаның бас серіктесі ретінде Kaspi.kz компаниясы аталды.
Іс-шара барысында компания басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi Gold картасын табыстады. Оның айтуынша, бұл жоба әлемдік аудиторияны Қазақстанмен таныстырып, ауқымды халықаралық түсірілімдерді қолдауға мүмкіндік береді.
Михаил Ломтадзе Kaspi Gold картасы актерге Қазақстанда өзін үйдегідей сезінуге көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ ол фильмді түсіруге атсалысу мүмкіндігі үшін Sәlem Entertainment пен Adal Investments компанияларына алғысын білдірді.
Өз кезегінде Джеки Чан Қазақстанға қайта келгеніне қуанышты екенін айтты. Ол бүкіл түсірілім тобына бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіріп, түсірілім процесінің басталғанын асыға күтетінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл үдеріс әрдайым үлкен сынақпен қатар зор қуаныш сыйлайды.
Жаңа туынды «Құдыретті сауыт» атты әйгілі шытырман оқиғалы франшизаның жалғасы болады. Фильм түсірілімі Маңғыстау және Алматы облыстарында өтіп жатыр. Бұл локацияларды Джеки Чан 2025 жылдың соңында Қазақстанға жасаған сапары кезінде өзі таңдаған.
Жоба бастамашылары — Sәlem Entertainment және Adal Investments. «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмінің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі әлемге ерекше табиғатымен әйгілі — Бозжыра шатқалы. Бұл жерде 35 адамдық түсірілім тобы 7–12 маусым аралығында жұмыс істеген.
Түсірілім жұмыстарын осы жылдың өзінде аяқтау жоспарланып отыр, ал фильм 2027 жылдың ақпанында көрерменге жол тартады. Аймақ билігінің пікірінше, бұл жоба тек отандық киноиндустрия үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды әлемдік туризм картасында танытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық