BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі қымыз дәмін тату, концерттер, ұлттық ойындар, көрмелер және басқа да этномәдени іс-шараларын ұсынады, деп хабарлайды Orda.kz.
BaiQymyz-2026 — еліміздің оқиғалық туризм саласындағы маңызды жобалардың бірі. Фестиваль 11–12 шілде күндері Астанада өтеді.
«Қазанат» ипподромында ұйымдастырылатын гастрономиялық шара ұлттық мәдениет пен дәстүрлі қазақ тағамдарын насихаттауға бағытталған. Қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылатыны елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Екі күнге созылатын ауқымды шара барысында келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып қана қоймай, қазақ халқының дәстүрлері, қолөнері мен өнерімен жақынырақ таныса алады. Фестивальдің басты ерекшелігі — қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылатыны болып отыр.
Бағдарламада суретшілер мен қолөнершілер көрмелері, сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлері бойынша көрсетілімдер бар. Балалар мен ересектерге арналған түрлі танымдық және ойын-сауық іс-шаралары жоспарланған.
Фестивальдің әр күні отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен аяқталады.
BaiQymyz-2026 фестиваліне ыңғайлы жету үшін ұйымдастырушылар қоғамдық көлікті пайдалануды және мүмкіндігінше жеке автокөліктен бас тартуды ұсынды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы болу үшін 7–13 шілде аралығында №18, №37 және №303 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертіліп, автобустар фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына қарай бұрылады.
Ал 11–12 шілде күндері, яғни фестиваль өтетін уақытта, аталған бағыттар ұзартылған режимде — сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салсақ, былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет «BaiQymyz – бапталған қымыз» атты гастрономиялық фестиваль өтті.
Онда ұлттық сусын — қымызға арналған, алғашқы күннің өзінде 40 мыңнан астам қонақ жиналды. Олардың қатарында Астана тұрғындары мен еліміздің әр өңірінен келген қонақтар ғана емес, жақын және алыс шетелден келген туристер де келді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық