Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
Фото: Қайрат Нұртас Instagram
Әлеуметтік желілер мен белгісіз чаттарда әнші Қайрат Нұртасты айыптаған хабарлама тарады. Онда әнші Астанадағы қонақүйлердің бірінде бір азаматшаға қатысты заңға қайшы әрекет жасады деген мәлімет келтірілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртас қонақүйде жеңіл жүрісті бойжеткенмен жанжалдасты деген ақпарат желідей ескен болатын. Бұл ақпарат белгісіз чатта тараған.
Ондағы мәлімет бойынша әнші Астанада қонақүйге бір қызды шақырып, оған қызметі үшін өзге біреу арқылы 240 000 мың теңге төлеген. Алайда қызбен Қайрат Нұртастың арасында жанжал шығып ол полиция шақырған екен. Чаттағы мәлімет бойынша, қыз әншіні рұқсатсыз телефонға түсіре бастапты. Сонымен қатар, чатта әнші бұл оқиға «шешімін» тапқанын жазған.
Бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтау үшін редакция Астана қаласы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.
Полиция департаменті зорлау фактісі туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді.
«Жарияланымдарда айтылған дәлелдер бойынша, 10 шілдеде «102» арнасына 2006 жылы туған қыздың қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адам тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз».
Осы хабарлама бойынша заңнамада белгіленген рәсімдер шеңберінде тексеру жүргізілді.
Қонақүйге келушілер арасында жеке негізде жанжал туындағаны алдын ала анықталды, ол қазіргі уақытта шешілген.
Полиция мәліметінше, өтініш беруші шағымнан бас тартыпты.
Оқи отырыңыз:
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық