Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Фото: UFC
UFC жұлдызы, промоушеннің бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегор Макс Холлоуэймен өткен жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz.
UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде ММА-дың аңызды тұлғасы, экс-екі дүркін чемпион Конор Макгрегор мен жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Макс Холлоуэй октагонда кездесті.
Бірінші раундта Конор екі рет аяқпен соққы жасап, кейін құлап қалды. Орнынан тұрған соң қарсыласына қос соққы жасап, қайтадан жығылды. Екінші рет тұрғаннан кейін Макгрегор қатты ақсай бастады, осы сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Нәтижесінде Макс Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айта кетейік, әйгілі ирландиялық спортшы UFC 264 турнирінен кейін тура бес жыл бойы октагонға шықпаған болатын.
Сол кезде оның қарсыласы америкалық Дастин Порьемен екеуінің арасындағы есеп 1:1 болған.
Үшінші жекпе-жек үлкен қызығушылық тудырды, дегенмен бұл кездесуде Макгрегор бірінші раундтың өзінде аяғын жарақаттап алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Сондықтан оған техникалық жеңіліс тіркеліп, Порье трилогияның жеңімпазы атанды.
Ирландиялық файтер UFC-дегі мансабында 114 миллион доллардан астам табыс тауып, жеке гонорар бойынша абсолютті рекорд орнатты. Сонымен қатар, ол ұйымның басты табыс әкелуші жұлдызына айналды.
Дегенмен дәл Макгрегор ұйым тарихындағы ең көп табыс әкелген 7 турнирдің басты қатысушысы екенін бәрі мойындайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық