Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада 2026 жылғы 10 шілдеге қараған түні тұтанған қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Елордадағы Байқоңыр ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті жою жұмыстары 2026 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша тәулік бойы жүргізілуде, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өртті сөндіру тиімділігін арттыру үшін негізгі күштер мен құралдар қатыстырылған екі учаске құрылған. Сонымен қатар, өрт ошақтарын оқшаулау және оттың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында полигон аумағын инертті материалмен көму бойынша инженерлік жұмыстар қатар жүргізілуде. Қазіргі таңда полигонға шамамен 14,85 мың тонна инертті материал жеткізілген.
ҚР ТЖМ мәліметінше, жұмыстарға қалың түтін, жиналған қалдықтардың желмен ұшып әрі бос жатуы кедергі келтіруде. Бұл арнайы техниканың жүруін шектеп, ірі көлемді көліктердің маневр жасауын едәуір қиындатқан. Үздіксіз су жеткізілуі өрт сөндіру автоцистерналары мен гидранттардан су таситын көліктер арқылы қамтамасыз етіліп отыр екен.
«Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомство.
Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардан шамамен 120 адам және 150-ге жуық техника қосылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық