Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған көрме өтті

Алматы қалалық ТЖМ 1 наурыз күні Астана алаңында Дүниежүзілік қорғаныс күніне арнап көрме өткізді. Orda.kz тілшісі көрмеге барып нақты не көрсетілгені туралы ұсынады.
Көрменің қақ ортасында, құтқарушы ит ұстаған төтенше жағдай қызметкерлері жүрді. Олардың айтуынша, итті алатын кезде еркек немесе ұрғашы деп жынысына бөлмейді.
«Бұл бельгиялық овчарка, есімі – Юта. Көбіне бұл итпен тауда, қар астында қалған адамдарды іздейміз. Бұларды бөлгенде адамына қарай бекітеді. Мәселен иесі қандай, соған мінезі қарама-қарсы ит таңдалады. Ит баяу болса, оны сәл жылдам қозғалатын маманға береді. Екеуі де баяу немесе жылдам болса, төтенше жағдай кезінде қиын болады», – деді Қайырболат есімді ТЖМ қызметкері.
Сондай-ақ, ТЖ қызметкерінің айтуынша, иттерді қолдан ұрықтандырмайды. Мемлекеттік сатып алу арқылы алады.
Ал Эйс есімді иттің иесі жануарды барып өзі таңдайтынын айтты. Оның айтуынша ит адамнан қорықпауы керек.
«Шамамен туылғанына 6 ай болған итті өзім таңдап аламын. Таңдаған кезде ең алдымен жұмыс сапасы және оның ойынына қараймын. Негізі ит ойнауы керек және ештеңеден қорықпауы керек. Одан кейін үйрету кезінде ол ит менің мінезіме өзі-ақ үйренісе бастайды», – деді қызметкер.
Эйстің иесінің айтуынша, ол толығымен барлық аттестациядан өткен және де ол өз өмірін тәуекел ете отырып, тауда жоғалған адамның өмірін құтқарған.
«Адам жоғалған кезде бұл итпен бірге арқанмен көтеріліп келе жатқан едік. Бір кезде жүріп келе жатқан арқан өзімен-өзі тоқтап қалды. Сол сәтте Эйс қылқына бастайды. Сондай бір аяқ асты жағдайлар болды, сол кезде тезірек қимылдап арқанмен қайта түскенше, бұл сол қылқынған күйі шыдап жатты, кейін түскен соң аман алып қалдық. Бірақ Эйс арқылы сол адамды таптық, қазір ол кісі тірі», – дейді иесі.


Дәл ҚБТУ-дың алдында осындай белгісіз нысаү тұрды, Ғалия Әскербекқызының айтуынша, бұл далалық госпиталь. Госпиталь өзі 4 бөлімнен тұрады. Олар: қабылдау және сұрыптау бөлімі, эвакуациялау бөлім, реанимациялық бөлім және операциялық бөлім. Әрқайсысында жоғалған адамды тапқан кезде ауруханаға жеткенге дейін көрсетілетін қызметтер бар.

«Адамның бір жері зақымданса немесе қан кету сынды мәселелер туындаса біздің бөлімге сол адамды алып келеді. Біз қанды тоқтатып, бірден операцияға көшеміз. Қазір көріп тұрғаныңыздай, адамдарға жараның ашылып кеткен жерін қалай тігу керек екенін көрсетіп жатыр», – деді Ғалия Әскербекқызы.
Қызметкердің айтуынша, операциялық бөлімнен шыққан адамды реанимациялық бөлімге апарып, ол жақта да көмек көрсетіледі. Жағдайы жақсарса, оны эвакуациялауға жақын жердегі ауруханаға жібереді. Ал қабылдау және сұрыптау бөлімінде келген адамды қабылдап болған соң, оның жарақат деңгейіне қарай отырып бөледі. Егер жарасы жеңіл болып, аса ауыр зақым алмаса, онда бірден эвакуацияға жібереді.
Көрмеге жер сілкінісі болған кезде көрсетілетін көмек құралдары да қойылған. Маманның айтуынша, олар гидравликалық болып келеді.
«Жастықшаларды ауыр немесе тар жерлерде пайдаланамыз. Мәселен жер сілкінісі кезінде темір басып қалды делік, оны көмекке келген адамның көтеруге күші жетпейді, сол кезде осы жастықшаларды пайдаланамыз», – деді маман.
Сондай-ақ, ТЖ қызмкеткері қайшыға ұқсас техникалар көбіне жер сілкінісі мен жол көлік оқиғалары кезінде жиі пайдаланады. Шамасына қарай бөлінеді. Бұл техникаларды Қазақстанмен қатар Ауғанстан мен Түркияның да ТЖ қызметкерлері пайдаланады.



Сондай-ақ, ТЖ қызметкерлері көрмедегі мобильдік платформасындағы жер сілкінісі симуляторын да (МПСС) көрсетті. Симулятордың ішінде нұсқаулық беретін арнайы маман бар. Ол жер сілкінісі болған кезде не істеу керек екенін практика тұрғысынан көрсетіп, айтып отырады. Ал симулятор өзі расымен де шынайы жер сілкінісіне ұқсас жағдай тудырады. Жасанды болғанымен, ішіне кірген адамның бойына үрей туғызады.

Көрме кезінде ең қызық техникалардың бірі – мотоцикл. «Төтенше жағдай кезінде қызметкерлер мотоциклмен не істей алады?» деген сұрақ ойыңызға келетін шығар. Бұл туралы ТЖ маманы жауап берді.
«Алматыда көлік кептелісі көп қой. Сол кезде пайдаланылатын мото экипаж. 2019 жылдан бері ТЖҚ-ның қатарына дәл осындай мотоциклдер де келді. Сәуір айының 15-нен қараша айының 15-не дейін қызметте осы мото экипаж да жүреді. 9 литрлік және 14 литрлік болады. Бірақ мына мотоциклдер 9 литрлік. Бұдан басқа тағы есік ашуға арналған, кесетін, тесетін заттары да бар», – дейді қызметкер.

Қызметкердің сөзінше, бұндай мотоциклдердің Алматы қаласы бойынша 6 данасы ғана бар. Ал BMW маркалысынан тек қана 2-уі ғана бар.
Демонстрациялық көрсетілім азаматтық қорғау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру саласындағы түсінікті насихаттау, сондай-ақ қала тұрғындарын құтқару қызметтері мен құралымдарының мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында өткізілді. Көрме Төле би даңғылының бойында, Астана алаңында 10:00-13:00 аралығында өтті.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтар енді Арменияға шетелдік төлқұжатсыз ұша алады
- СІМ Азаттықтың 12 тілшісінің аккредитациясын 3 айға созды
- Кәсіпкер Қайрат Реимов Қорғастағы Гаджиев жайлы айтып, Тоқаевқа кеңес берді
- Обухов «ГОК» ісі: Прокурор Долгалевке 12 жыл сұрады
- Енді жоғары сынып оқушылары гинеколог қабылдауынан өтеді
- Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуаның алғашқы қадамы
- «Көлікті 13 жастағы бала басқарған»: Алматы облысында жол апаты болып, 2 адам көз жұмды
- «Сотталған шенеуніктің ұлы»: Жандос Иманалиев президент әкімшілігіне қызметке келді
- Қайта қаралады: бір айға созылған 30 млн бопсалады деген блогерлердің ісі жарамсыз деп танылды
- Алматы әуежайында Lufthansa ұшағына жанармай көлігі соғылды
- «Тренд пе, мазақ па?»: есту қабілеті нашар таксисті видеоға түсірген блогер жұрт талқысына түсті
- «Жұмыстан қуады деп үміттенемін»: Димаш автобус бағасын 500 теңгеге өсіруді айтқан сарапшыны сөкті
- Айсулууды өлтірген қандықол қылмыскер 15 жыл бойы өзге де әйелдерді өлтіргенін мойындады
- «Хасанға түрмеде телефон берді»: адвокаттар жәбірленушінің бұрын істі болғанын алға тартты
- «Автобус жолақысы 500 теңге»: Депутаттар бұл бағамен келісе ме?
- Блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша тергеу аяқталды
- Ақтауда пышақ ұстаған ер адам бөтен пәтерге терезе арқылы кірмек болды
- Судьяға жедел жәрдем шақырылды: 30 млн бопсалаған блогерлердің үкімі кейінге қалды
- Мәжіліске жаңа депутат келді
- Ердоған Италияның премьер-министріне темекіні тастауға кеңес берді