Допингпен ұсталған қазақстандық спортшы жүлдесін сақтап қалды
ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілген қазақстандық зілтемірші Игорь Сонның қола жүлдеден айыру немесе айырмау мүмкіндігі туралы хабарлады.
WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жоғары нәтиже көрсеткен кәсіпқой спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері жүйелі түрде допингке тексеріледі.
Осыған орай, 2022 жылдың 2 наурызында Жетісу өңірінде өткен турнирде Игорь Соннан допинг сынамасы алынып, оң нәтиже берген.
WADA стандарттарына сәйкес үлгілер бірнеше рет сынақтан өтті. Нәтижесінде, WADA ережелеріне сәйкес, спортшыға 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылатын 8 жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылданды.
«Сонымен бірге, 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында тапсырылған Игорь Сонның допинг-сынамасы таза болғандықтан, Олимпиаданың қола жүлдесі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер қайтарылмайды» деп мәлімдеді департамент.
Бір қызығы, бұл спортшының ауыр атлет мансабындағы бірінші допинг дауы емес. Ол 2015 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін жарыстан шеттетілді, бірақ допинг препараттары оның ағзасына тағамдық қоспа арқылы енгенін дәлелдей алды.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру