Дәулет Тұрлыханов ұлы соққыға жыққан заңгерлерден кешірім сұрады
Грек-рим күресінен қазақтың белгілі балуаны Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылдың қатысуымен болған оқиғада зардап шеккен заңгерлермен кездесті.
Бұл туралы Vesti.kz күйеуімен бірге соққы астында қалған Анна Черноваға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға бір апта бұрын болған. Алматыдағы мейрамханалардың бірінің маңында жұбайын ұрып-соғып жатқан Нұрасылды тыныштандыруға тырысқан заңгерге Тұрлыхановтың ұлы шабуыл жасады.
– Бүгінгі күні іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға келеміз деп кеше келістік. Әзірге жаңа ештеңе жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр.
Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Жас жігіт заң алдында жауап беруі қажет. Ал іс баршаға сабақ болуы керек, – деді Чернова.
Айта кетейік, Тұрлыханов бұған дейін ұлының әрекетіне байланысты жұртшылық алдында шығып, құқық қорғау органдарын бұл оқиғаға қатысты шешім қабылдауға шақырған болатын.
Дәулет Тұрлыханов — кеңестік және қазақ грек-рим күресінің балуаны. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Күміс (1988ж) және қола (1992ж) Олимпиада жүлдегері. Азия ойындарының чемпионы (1994ж), Еуропа чемпионы (1987ж) және Әлем чемпионы (1989ж).
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру