Цифрлық дамуға көшсе де еліміздегі жемқорлық деңгейі дес берер емес
Фото: gov.kz
Сыбайлас жемқорлық – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп, инвестициялық климатқа кері әсер етеді және қоғамдағы әділеттілік қағидаларын бұзады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық бірнеше жүйелік себептерге байланысты қалыптасады:
- Институционалдық әлсіздік – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беру деңгейінің жеткіліксіздігі;
- Бюрократияның күрделілігі – мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерінің ұзақтығы мен қиындығы;
- Адами фактор – лауазымды тұлғалардың жеке мүддені қоғамдық мүддеден жоғары қоюы;
- Құқық қолдану тәжірибесінің әркелкілігі – заңдардың бар болғанымен, олардың орындалуы әрдайым бірдей емес.
Қазақстанда жемқорлық тәуекелі жоғары салаларға дәстүрлі түрде мемлекеттік сатып алу жүйесі,
құрылыс және жер қатынастары, білім беру және денсаулық сақтау салалары, құқық қорғау органдары кіреді. Себебі бұл салаларда қаржы айналымы жоғары және шешім қабылдау деңгейі орталықтандырылған болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа бейімділік артады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Мысалы, арнайы уәкілетті органдардың құрылды. мемлекеттік қызметтердің көбісі цифрландыруға көшті, «ашық үкімет» қағидаларын енгізілді, декларациялау жүйесінің кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Сонда да жемқорлық деңгейі дес берер емес.
Цифрландыру, әсіресе, адам факторын азайту арқылы жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс еді.
Бірақ, өкінішке орай олай болмай тұр. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының өскені тіркелді.
«Биылғы ақпан–сәуір айлары аралығында 317 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді»
ҰҚК деректеріне сәйкес, олардың ішінде парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану басым. Аталған іс бойынша 226 адам күдікті ретінде танылған.198 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 175-і сотқа жолданды.
Аяқталған істер бойынша жалпы келтірілген залал 4,2 млрд теңге болды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық қоғам мен БАҚ маңызды рөл атқарады. Тергеу журналистикасы, қоғамдық мониторинг және белсенді азаматтық позиция жемқорлық фактілерін ашуға ықпал етеді.
Жүргізілген реформаларға қарамастан, бірқатар проблемалар сақталуып отыр. Мысалы, жоғары деңгейдегі жемқорлық істерінің аз ашылады, жазаның бұлтартпастығы қағидатының толық іске аспайды, қоғамда «ұсақ жемқорлыққа» төзімділіктің әлі да сақталған, ең бастысы — формалды есептілік пен нақты нәтижелер арасындағы алшақтық.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұзақ мерзімді және кешенді процесс. Жүйелік реформалар мен қоғамдық сананың өзгеруі қатар жүргенде ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Оқи отырыңыз:
- Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі Ормуз бұғазы мәселесін шешудің жалғыз жолын атады
- 1 шілдеден ипотеканың шекті мөлшерлемесі 20%-ға төмендейді
- MV Hondius кемесінде хантавирус індетін «жұқтырған» жолаушы Германияға жеткізілді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық