Биыл Қазақстанда 25 бала қайтыс болды, оның алтауы жақындарының қолынан қаза тапқан
Биылдың өзінде елімізде 25 бала көз жұмды, оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза болды. Бұл сандарды балалар омбудсмені Динара Зәкиева жариялады.
Павлодар облысында 7 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берген балалар омбудсмені Facebook-тегі парақшасында хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа күдікті баланың анасы кінәсін мойындады. Бұл отбасының басқа балалары, Динара Зәкиеваның айтуынша, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына (ҚБО) орналастырылады.
«Мұндай жан түршігерлік салдарлардың алдында көптеген қиыншылықтар, есеп-қисап, ішімдік пен ұрып-соғуға байланысты оқиғалар болады. 70% жағдайда тергеу іс-шаралары кезінде біреу бір нәрсені анық көріп, білген, бірақ ол туралы хабарламаған, араласқысы келмеген. Осындай жан түршігерлік зардаптар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – біздің қарап тұрмауымыз. Балалардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көрсеңіз, естісеңіз немесе білсеңіз, «111» немесе «102» телефондарына хабарласыңыз. Әрине, ақпарат тексеріледі, бірақ қорқыныш расталса, сіз біреудің өмірін сақтап қала аласыз», - деді Динара Зәкиева.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірленген балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасында көзделген заңнамалық өзгерістер өте маңызды. Ең маңызды түзетулердің бірі – балаларға қатысты зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік болып табылады.
«Жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, ауыр зардаптардың алдын аламыз; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық жағдайларында татуласуды болдырмау; отбасыларға көмектесу үшін инфрақұрылым, алдын алу және т.б. Қазіргі уақытта барлығы 109 түзету бар», - деп хабарлады балалар омбудсмені.
Сондай-ақ барлық ҮЕҰ-мен бірлесіп, шешімдерді әзірлеу үшін Әлеуметтік зертхана құрылды.
Сонымен қатар, Динара Зәкиева кадр мәселесіне ерекше тоқталып, келесі деректерді келтірді: 6,8 миллион балаға 303 қамқоршылық қызметкері, яғни бір қызметкерге 22 мың бала келеді. Олардың функциялары кең ауқымды жауапкершіліктерді қамтиды. Бұл ретте әлемдік тәжірибе көрсеткендей, норма 5 мың балаға 1 қызметкерден келеді.
«Олар бізді қолдайды және біз алдын алу үшін негіз жасай аламыз деп үміттенемін. Елбасының зорлық-зомбылық пен балалардың құқықтарын бұзу мәселесіне жеке көңіл бөліп отырғаны үлкен қолдау. Биылдың өзінде Мемлекет басшысы қызметке кіріскен күннен бастап балаларды қорғау мақсатында жоғарыда аталған және басқа да маңызды шаралар қолға алынды. Жұмыс жалғасуда», - деп атап өтті балалар омбудсмені.
Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған байланысты Динара Зәкиева балалардың қауіпсіз өмір сүруі үшін барлығын мүмкіндігінше «111» нөмірі туралы ақпаратпен бөлісуге шақырды.
Жаңалықтар
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты
- ҚР СІМ Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
- 13 жастағы баскетболшы ойын кезінде қайтыс болды
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- Қазақстанда алкогольге қатаң шектеу енгізу ұсынылды
- Прокуратура Атбасардағы азаптау ісі бойынша ақтау үкіміне қайта шағымданды
- Трамп өзін «Педофилдердің қорғаушысы» деп атаған Ford жұмыскерін балағаттады
- Таиландта пойыз құрылыс кранына соғылып, 22 адам қаза тапты
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерлерін Қазақстанға орналастыру жеңілдетіле ме?
- Перуашев «Самұрық-Қазына» басшысының табысы туралы сұрады
- Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде өзіне оқ атып жараланды
- Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды
- Оңтүстік Кореяның экс-президентіне өлім жазасы төніп тұр
- Астанада мектептердің бірінші ауысымы қашықтан оқуға көшеді
- Мұрат Адамның қорғаушылары судьяға сенімсіздік білдіріп, оны істі қараудан шеттетуді талап етті
- Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
- Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
- Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
- Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді
- Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды