Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
Маусым айының соңында Еуропаны жайлаған аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы dpa агенттігі мәлімдеген. Мәліметтер EuroMOMO еуропалық өлім-жітімді бақылау бағдарламасына негізделген. Бағдарлама Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдауымен жұмыс істейді.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, аптап ыстықтан қайтыс болғандардың басым бөлігі — 65 жастан асқан адамдар. Ауа температурасының шамадан тыс көтерілуі тек күн өтумен ғана шектелмей, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу ауруларын асқындырады. Мұндай жағдайда егде жастағы адамдар аса осал топқа жатады.
EuroMOMO сарапшылары Еуропаның 27 елінің ұлттық статистикасын талдаған. Жекелеген елдер бойынша нақты деректер берілмегенімен, маусымның соңғы аптасында Франция мен Бельгияда «өте жоғары артық өлім-жітім» тіркелгені атап өтілді.
Германиядағы Роберт Кох институты дерегінше, маусым айының соңына қарай елде аптап ыстықтан шамамен 5100 адам көз жұмған. Оның 4310-ы 22–28 маусым аралығындағы ең ыстық аптада қайтыс болған. Қаза болғандардың 80 пайыздан астамы — 75 жастан асқандар. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың ішінде әйелдер саны көбірек, бұл егде жастағы әйелдердің үлесінің жоғары болуымен түсіндіріледі.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеуге сәйкес, тек Англия мен Уэльсте ғана маусым айының соңындағы шыжығн ыстықтан шамамен 2700 адам қайтыс болған. Бұл зерттеуді Лондон империялық колледжі, елдің метеорологиялық қызметі және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі бірлесіп жүргізген.
Сол зерттеу тобы Еуропаның 12 ірі қаласында аптап ыстық шамамен 2300 адамның өмірін қиғанын анықтады. Ең көп өлім-жітім Милан, Париж және Барселона қалаларында тіркелген.
Біз бұған дейін Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатқанын жазған едік. Еуропа рекордтық аптап ыстықпен терезелерге фольга жапсырып күресуде, себебі бағдаршамдар еріп, жаяу жүргіншілерге арналған су атқыштар қолдана бастады.
«Қазгидромет» синоптиктерінің айтуынша алдағы үш күнде Қазақстанда да аптап ыстық болады. Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейдіЕліміздің қалған бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде найзағай ойнап, аптап ыстық +43 градусқа дейін көтеріледі
- Аптап ыстық адамзатқа климаттық апат қаупін төндіреді
- Жаһандық аптап: Әлемдегі мұхит сулары да қатты ысып жатыр
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық