Елімізде білім грантына өтініш қабылдау басталды
Фото: gov.kz
Қазақстанда 13–20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау орталықтары арқылы офлайн түрде, сондай-ақ онлайн форматта виртуалды комиссиялар немесе eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 форматтағы фотосурет, орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом) ұсынуы тиіс.
Сондай-ақ жеңілдік санатына жататындар тиісті растайтын құжатын қоса тапсырады.
ҰБТ нәтижесіне сәйкес білім гранты конкурсына және ақылы бөлімге түсу үшін келесі шекті балл белгіленген:
- «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» — кемінде 75 балл;
- «Денсаулық сақтау» — кемінде 70 балл;
- Ұлттық университеттерге түсу — кемінде 65 балл;
- Басқа жоғары оқу орындарына — кемінде 50 балл.
Айта кетейік, жоғары оқу орындары өз бетінше қосымша шекті балл белгілей алады.
Ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға қабылдау науқаны аясында арнайы қолдау қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік грантты бөлу кезінде белгіленген квоталар қолданылады.
Білім гранты иегерлері тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Еске салсақ, 2026–2027 оқу жылында жоғары білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі бұрынғы деңгейде сақталады. Жалпы саны 89 457 грант қарастырылған. Оның ішінде 75 371 грант бакалавриатқа, 11 007 грант магистратураға, ал 3 079 грант докторантураға бөлінеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық