Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстанда коллекторлық агенттіктерге берілген проблемалық қарыз көлемі рекордтық деңгейге жетті. Банктер мен өзге де кредиторлар оларға 1,1 трлн теңге қарызды «жұмысқа» тапсырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,2%-ға көп, бұл туралы Finprom.kz деректерінен белгілі болды. Қарыздардың негізгі бөлігі банк несиелері. Жалпы берешектің 85%-дан астамы осы секторға тиесілі. Бір жыл ішінде мұндай қарыздар көлемі 682,7 млрд теңгеден 941,2 млрд теңгеге дейін өскен.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жерде қарыздарды коллекторларға сату туралы сөз жоқ. 2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда азаматтардың проблемалық несиелері бойынша талап ету құқықтарын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынған.
Сондықтан банктер қарызды өз балансында қалдырып, коллекторларды тек сотқа дейінгі өндіріп алу жұмыстарына ғана тарта бастады. Қарыздардың «жұмысқа берілуі» көрсеткішінің күрт өсуі осыған байланысты.
Ал коллекторлардың кредиторлардан сатып алған қарыздары, керісінше, азайған. Егер өткен жылдың наурызында бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеден асса, 2026 жылдың наурызына қарай 727,7 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл — 30,4%-ға аз.
Дегенмен, бұл проблемалық қарыз азайды дегенді білдірмейді. Коллекторлар айналысып отырған қарыздардың жалпы көлемі — яғни өндіріп алуға берілген және сатып алынған берешектер — шамамен өзгеріссіз қалып отыр. 2026 жылғы наурыз қорытындысы бойынша ол 1,8 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда небәрі 1%-ға ғана төмен.
Осы жағдай аясында Қазақстанда қарыздарды реттеудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап Finkelisim.kz платформасы іске қосылды. Бұл жүйе арқылы бірнеше кредиторы бар, кепілсіз несиелері бойынша мерзімі өткен қарызы бар азаматтар бір өтініш беріп, қарызды қайта құрылымдауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде оларға 5 жылға дейін бірыңғай төлем кестесі ұсынылады, ал әлеуметтік осал топтар үшін бұл мерзім 7 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы кейбір коллекторлық агенттіктер миллиардтаған табысын қарызды қайтару ретінде жасырып келгені белгілі болған еді.
Біз жақында Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін екі халықаралық қаржы институтынан шамамен жарты триллион теңге қарыз алатынын жазған едік.
Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық банкі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір адамға берілетін несие санын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Осы арқылы азаматтардың кредиттік жүктемесіне де шектеу енгізіледі
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық