ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
Фото: mannattvpunjabi.com
Футболдан әлем чемпионатының финалдық ойынына кіретін билет бағасы жарияланды. FIFA дерегінше, матч 19 шілде күні MetLife Stadium стадионында (АҚШ, Нью-Джерси штаты, Ист-Ратерфорд) өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми сатылымда шамамен 1200-ге жуық екінші санаттағы билет ұсынылған. Олардың бағасы 7380 АҚШ доллары. Бұл орындар стадионның жоғарғы қабатында, алаңның бүйір сызығы бойында орналасқан.
Сонымен бірінші санаттағы 68 билет төменгі қабаттан ұсынылған, бағасы 19 995 – 32 970 доллар аралығында. VIP-аймақтардағы (Trophy Lounge) билеттер 32 500 және 34 500 доллар тұрады. Ресми қайта сату платформасында билеттердің бастапқы бағасы 7440 доллардан басталады. Ал ең қымбат ұсыныс 11 499 998 долларға дейін жеткен.
Айта кетейік, екінші нарықта (қайта сату арқылы) финал билеттері дәл осы аралықта — 7440 доллардан 11,5 млн долларға дейін ұсынылған.
Бұған дейін FIFA болашақта әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған еді.
Ата кетерлігі, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды. Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда бірден ойын көрсетеді.
Ең қызығы — FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды. FIFA дүкені сайтында көрсетілгендей, алаңға төселген жасыл шөптің бөліктері 11 шілде, сенбі күні таңертеңнен бастап сатылымға шықты. Бастапқы жиынтықтағы бір бөлігі 450 доллар (390 еуро) тұрады.
Сипаттамада әрбір «сувенирлік» шөп бөлігі 17,5×17,5×17,5 өлшемінде екені көрсетілген, алайда бұл өлшемнің нақты қай бірлікте (дюйм, сантиметр немесе миллиметр) берілгені нақтыланбаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық