«BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
Фото: Астана әкімдігі
Астанада қымыз өндірушілердің ең мықтылары анықталды. Елордада қымызды дәріптеуге арналған «BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана әкімдігінің мәліметінше, екі күн ішінде шараға 70 мыңнан астам адам қатысып, өндірушілер 56 тонна ұлттық сусын ұсынды.
Фестиваль аясында қатысушылар өз өнімдерін таныстырып, бірнеше критерий бойынша бақ сынады. Қазылар алқасы қымыздың сапасын, дәмін, дайындалу ерекшеліктерін және ұлттық дәстүрлерге сәйкестігін бағалады. Сондай-ақ бұл шара өндірушілер арасында тәжірибе алмасуға және қонақтарды қазақ халқының мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік берді.
«BaiQymyz» бас жүлде иегерлері:
- Гран-при — Ақмола облысы, Бурабай ауданы, «Qymyznai Qymyzy»
- Алтын — Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Ағабек ата ерекше қымызы»
- Күміс — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Saryarqanyn saf qymyzy»
- Қола — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Qarakush» қымызы
«Ем қымыз» номинациясы:
- Алтын — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Баянның бал қымызы»
- Күміс — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Saryterek»
- Қола — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Sarybel»
«Халық таңдауы» номинациясы:
- Алтын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы»
- Күміс — Абай облысы, Абай ауданы, «Sarzhal Bakytzhan»
- Қола — Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Ақтоған»
Арнайы номинациялар жеңімпаздары:
- «Алтын күбі» — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Bizdin Qymyz»
- «Алтын саба» — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай қымызы
- «Алтын шара» — Ресей Федерациясы, Омбы қымызы
- «Күміс тостаған» — Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, «Saba»
- «Күміс торсық» — Абай облысы, «Тоқаш ана» шипажайы
- «Қымыз серті» — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Ләйлә» өнімі
- «Жайлау дәмі» — «Zhanten» қымызы
- «Дәстүр сақтаушы» — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Ақтерек»
- «Үздік дизайн» — Абай облысы, Абай ауданы, «Әділ қымыз»
- «Дәм шебері» — Алматы облысы, «Ақсақал» қымызы
Фестиваль ұлттық сусын — қымыздың маңызын арттырып, оның сапасын дамытуға және дәстүрлі өндірісті қолдауға бағытталған ірі мәдени-аграрлық алаңға айналды.
Келушілер арасында халықаралық қымыз байқауы, ұлттық спорт түрлері - көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, дәстүрлі садақ ату бойынша жарыстар, сондай-ақ жылқылар шеруі, салт атқылардың көрнекі өнер көрсетулері және басқа да этномәдени іс-шаралар ерекше қызығушылық тудырды.
Фестивальдің басты сахнасында белгілі қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, барлық жастағы қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Келушілер арасында тек астана мен Қазақстан өңірлерінің тұрғындары ғана емес, сондай-ақ көптеген шетелдік туристер де болды.
Шетелдік қонақтар қазақ халқының дәстүрлерімен жақынырақ танысуға, ұлттық тағамдардан дәм татуға және қазақ қонақжайлылығының атмосферасын сезінуге мүмкіндік алды.
«Қазанат» ипподромында ұйымдастырылатын гастрономиялық шара ұлттық мәдениет пен дәстүрлі қазақ тағамдарын насихаттауға бағытталған. Біз қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылғаны туралы жаздық.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық