Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
Фото: Pixabay.com
Qatar Airways рейсінде инсульт алған қазақстандық әйел 16 сағат бойы медициналық көмексіз қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әсем атты келіншек Qatar Airways әуе компаниясын анасына дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеді деп айыптады. Оның айтуынша, Дохадан Майамиге бағыт алған рейсте инсульт алған анасын экипаж Азор аралдарының біріне түсіріп кеткен. Алайда ол жерде қажетті медициналық көмек көрсетілмеген.
Әйелдің сөзінше, анасы Алматыдан Доха арқылы Майамиге ұшып бара жатқан. Ұшақ Майамиге жетуге шамамен үш сағат қалғанда жолаушының жағдайы күрт нашарлап, инсульт алған. Қызы экипаждың шұғыл қону туралы шешіміне қарсы емес екенін, бірақ науқасты медициналық инфрақұрылымы жоқ Санта-Мария аралына қалдырғанын түсінбейтінін айтады. Сонымен қатар, келіншек анасының қасында егде тартқан мүгедек әкесінен басқа ешкім жоқ екенін айтты.
«Анамды Санта-Мария аралына түсірді. Ол жерде әуежай болғанымен, қажетті медициналық көмек көрсететін аурухана жоқ. Жедел жәрдем келгенімен, кардиограмма да түсірмеді, ешқандай ем-дом жасаған жоқ. Кейін оны әскери ұшақпен басқа аралға жеткізді. Соның салдарынан анам 16 сағат бойы ешқандай медициналық көмексіз қалды», — деді Әсем.
Әйелдің айтуынша, анасы ауруханаға инсульттен кейін тек 16 сағат өткен соң жеткізілген. МРТ зерттеуі де келесі күні ғана жасалған. Қазір әйел есін біледі, алайда оның сол қолы мен сол жақ дене бөлігі сал болып қалған. Қызы алғашқы сағаттар инсульт кезінде шешуші рөл атқаратынын айтып, Qatar Airways әрекетіне шағымданды.
«Ұшқыштар хаттама бойынша әрекет еткен шығар. Бірақ адамды медициналық көмек ала алатын жерге жеткізу керек еді. Инсульт кезінде әр минут маңызды. Анамды ешқандай мүмкіндік жоқ аралда қалдырып кетті», — деді қызы.
Сонымен қатар, ол анасының жүгінің қайда екені де белгісіз болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, компания қызметкерлері шабандардың орналасқан жері туралы нақты ақпарат бере алмаған. Осы жазбадан кейін, көпшілік Qatar Airways компаниясын белгілеп, шағымданушылар саны артты. Қазіргі уақытты келіншек ата-анасын ол жақтан алып келу жолдарын іздестіріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты
«BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық