Бишімбаевтың оқиғасы және «тілі ұзын» әйелдер: феминистер билікті диалогқа шақырды
Instagram/Вероника Фонова
Алматыда белсенді Вероника Фонова феминистерге 8 наурызда бейбіт шеру өткізуге рұқсат беруді талап етіп, пикет өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық феминистер Халықаралық әйелдер күні феминистік шеру немесе митинг өткізуге қала билігінен рұқсат ала алмай жүр. Әкімдік мұның қауіпті екенін немесе мұндай шараларды өткізетін бос орын жоқ екенін айтып отыр.
Бүгін Алматыдағы опера және балет театрының алдына жалғыз өзі пикетке шыққан Вероника Фонова бұған қатысты наразылығын білдірді. Ол билік пен органдар әйелдердің құқығын қорғау бойынша проблемаларды талқылау үшін диалогқа түсуі қажет екенін айтты. Сонымен қатар, оның айтуынша, бейбіт шеру өткізу идеясын әйелін өлтірген бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың оқиғасы, сондай-ақ кейбір депутаттардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселесіне қатысты қате көзқарасы өзекті ете түскен.
«Бұрынғы министр әйелін ұрып өлтірді. Ал кеше бір депутат әйелдердің тілі ұзын болғаны үшін таяқ жейтінін айтты. Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді немесе өледі, бірақ мемлекет мәселені бірлесіп шешу үшін диалогқа түскісі келмейді. Қазір билікпен, органдармен бейбіт түрде талқылағымыз келетін мәселе көп. Мысалы, сталкинг пен харрасмент мәселелері бар, ал үкімет қылмыстық жауапкершілікті енгізу мәселесі бойынша депутаттарды қолдағысы келмей отыр».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фонова сонымен бірге әйелге қол көтеретін ерлер туралы да айтты.
«Сенбі күні пикетке шыққанымда маған ер адам шабуыл жасады. Ол бұл әрекеті үшін жазалана ма? Бұл 8 наурыздағы бейбіт жиынды талап ету үшін өткізілген рұқсат етілген пикет еді», - деді белсенді.
Осы жылы феминистер 8 наурызда әкімдікке митинг өткізу бойынша үш рет өтініш берген, бірақ әзірше рұқсат берілмеген. Құқық қорғаушы Любовь Воронцова қала билігі бұған «қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді» деген желеумен рұқсат бермей отырғанын айтты.
Жаңалықтар
- «Қарасора – 2026»: Он күнде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
- 45 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер ауа райына қатысты ескерту жасады
- Адам жегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық ауруханадан тараған видеода не айтты?
- ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?
- Он жылдық қорлық: Астанада туған жиенін зорлады деп айыпталған ер адам жауапқа тартылмай қалды
- Елімізде білім грантына өтініш қабылдау басталды
- Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
- Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
- «BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
- ӘЧ-2026: Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды