Белсенді емес вакцина гендік жүйеге әсер ете ме?
Vials labelled "Moderna, AstraZeneca, Pfizer - Biontech, Johnson&Johnson, Sputnik V coronavirus disease (COVID-19) vaccine" are seen in this illustration picture taken May 2, 2021. REUTERS/Dado Ruvic/Illustration
Әлеуметтік желілерде медициналық университеттердің бұрынғы оқытушысының кеңес заманында жаппай вакциналау ауру таралғанға дейін жүргізілген, вакцина өндірісіне тек «тірі» вирус қана қолданылған және қазіргі вакциналар «гендік аппаратқа» әсер етеді делінген видео тарады.
Қоғамда қызу талқыға түскен осы жағдайға байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау медицина ғылымдарының магистрі, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ PhD докторанты Жұлдыз Қуаныш түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz. порталы StopFake.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Эпидемиолог, ғылым кандидаты және доцент Людмила Ивановна Носова 1966 жылы медуниверситетті бітіріп, өмір бойы Қарағанды және Ақтөбе университеттерінде жұмыс істеген екен.
— Кеңес заманында бұндай вакциналау ауру тараған кезде емес, иммунитет қалыптастыру үшін ауру басталмай тұрып жасалған, – дейді эпидемиолог.
Жұлдыз Қуаныш оның бұл сөзін жоққа шығарып, өз пікірін білдірді.
— Бұл мәлімдемені жоққа шығарғым келеді, өйткені сырқаттанушылық деңгейі артқан кезде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакциналау өте маңызды. Медицинада тарихта қалған көптеген аурулар (мысалы, табиғи шешек) бар. Оларды вакциналаудың арқасында жеңген. Бұл ауруларға қарсы вакциналау да науқастар саны өскен кезде жүргізілді, – дейді маман.
Ролик кейіпкері вакциналар тез арада әзірленгендіктен, оларға күмәнмен қарайды.
— Вакцина тиімді болуы үшін Пастер институты вакцинаны жаппай өндіріске жібермес бұрын 3-5 жыл зерттеген, – деді ғылым кандидаты Людмила Носова.
— Covid-19 вакциналары қысқа мерзімде әзірленгеніне қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) түсініктеме берді. Әдетте вакцина жасау бірнеше жылға созылады, бірақ коронавирус инфекциясы жағдайында үкіметтер мен компаниялар шұғыл қажеттілікке байланысты оны әзірлеуге көп қаржы жұмсады. Вакцинаның ғылыми зерттеулері мен тәжірибелік әзірлемелері, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және клиникалық стандарттарға сәйкестігін сақтай отырып қатар жүргізілді. Мұның бәрі вакциналарды жасау процесін тездетуге көмектесті. Зерттеу мен әзірлеудің барлық кезеңдері сақталды, – дейді медицина ғылымдарының магистрі Жұлдыз Қуаныш.
Бұл туралы ролик авторының өз уәжі бар.
— Кеңес заманында басқа вакциналар болды, тірі табиғи микроб, вирус және т.б.. Ал қазіргі кезде қолдан жасалған бөлшек алынып, соны егеді, ол иммундық жүйеге емес, гендік аппаратқа әсер етеді, – дейді видео кейіпкері.
Ал Жұлдыз Қуаныш болса, белсенді емес вакцинаны ертеректе де пайдаланған деп отыр.
— Антигендік материалдың түрі бойынша вакциналар үш түрге жіктеледі: тірі, өлтірілген (белсенді емес), суббірлікті. Бұл жіктеу кеңес заманында да болған, оны КСРО кезіндегі ғылыми басылымдар мен кітаптардан білуге болады. Мысалы, полиомиелитке қарсы белсенді емес вакцинаны 1952 жылы Питтсбург университетінің өкілі Джонас Солк жасаған. Демек, өлтірілген вакциналар сол кездері де әзірленген және пайдаланылған – деді Жұлдыз Қуаныш.
Маман Қазақстанда COVID-19-ға қарсы бірнеше вакцина қолданылатынын еске салды.
— Hayat-Vax және CoronaVac – қытайлық Sinovac Biotech компаниясы және Бейжіңдегі Sinopharm биологиялық өнімдер институты әзірлеген белсенді емес вакциналар. «Спутник V» – бұл Гамалея атындағы Ресей ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған векторлық вакцина. QazVac – Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген белсенділігі жойылған вакцина, – деп түсіндірді сарапшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық