Тоқаев АШҚ президентін туған күнімен құттықтады 

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдап, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. 

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар