«Қайрат» күтпеген жерден ұпай жоғалтып, «Атырауды» жеңе алмады
Коллаж: Offside.kz
«Қайрат» пен «Атырау» командалары арасындағы Алматыда өткен матч күтпеген жерден 1:1 есебімен тең аяқталды. Алматылықтар үшін бұл нәтижені ұпай жоғалтудан басқа ештеңе деуге келмейд, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қайрат» есепті ерте ашты: матчтың 13-минутында Яакко Оксанен дәлдігімен көзге түсті. Алайда 69-минутта «Атырау» ойыншысы Арман Абдулла қақпашы Темірлан Анарбековті алдап өтіп, таразы басын теңестірді.
«Атырау» турнир кестесінде небәрі 10-орында тұрса, «Қайрат» екінші сатыда орналасқан, чемпиондыққа үміткер саналады және бұл кездесудің айқын фавориті болған еді.
Матчтан кейін тағы да Анарбековтің ойыны қызу талқылана бастады. Өткен маусымда оған «Еуропа, қарашы, бұл қазақтың баласы!» деген тіркес кеңінен телінген болатын. Алайда соңғы уақытта қақпашының ойыны бұрынғыдай сенімді көрінбейді.
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мұны әлеуметтік желілердің ықпалымен байланыстырды.
«Мүмкін, ол Instagram-ға тым көп көңіл бөлетін шығар, мұны анықтау керек», – деді Уразбахтин.
Сонымен қатар спорт шолушылары Анарбековтің небәрі 22 жаста екенін, ал қақпашы үшін бұл әлі өте жас кезең саналатынын еске салады. Олардың пікірінше, жіберілген қателіктердің бір себебі – Александр Заруцкийның Ақтөбе командасына ауысқаннан кейін Анарбековке айтарлықтай бәсекенің болмауы.
Нәтижесінде «Қайрат» маңызды ұпайлардан айырылып, енді Ордабасы Қазақстан Премьер-лигасының чемпиондығына басты үміткерлердің біріне айналды.
Еске салсақ, Қазақстанда жоғары лиганың кәсіби футбол клубтарын ауқымды жекешелендіру жүріп жатыр, оның мақсаты — мемлекеттік қаржыландырудан жеке инвестицияларға көшу. Orda.kz тілшісі осы футбол клубтарының жекелендіру жағдайын зерделеп, назарларыңызға ұсынды.
2026 жылдың басында бес клуб (оның ішінде «Қайсар», «Ақтөбе») жеке меншікке көшті, ал 2026 жылдың наурыз айының соңына қарай инфрақұрылымды жаңғырту үшін барлық 14 клубты жекешелендіру жоспарланған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық