«Басынан қан ағып тұрды»: Шерзаттың сотында оқиға орнына кейін келген куәгерлер сөйледі

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында бірқатар куәгерлер — 18–19 жастағы Арлан Құсайынов, Данияр және Дарын Жанболатұлы жауап берді. Олардың айтуынша, сол түні олар қайғылы оқиға болған жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, тікелей ақпарат таратып отыр. Елдегі ең аты шулы істің тергеу ісіне қоғамның назары ерекше. Әлеуметтік желілерде талқылап, әділ сот талап етіп, пікір жазғандар көп. Әлеуметтік желілердегі айыпталушылардың күлімдеп кетіп бара жатқан бейнежазбасы елдің наразылығын тудырып жатыр. Сот отырысының басында күдікті Нұрқиястың ата-анасы әлеуметтік желіде тараған, күдіктілердің күліп кетіп бара жатқан бейнежазбасына қатысты наразылық білдірді. Олардың айтуынша, бұл бейнежазбаны Мейірман Шекеевтің көмекшісі түсірген. Көмекші болса бейнежазбаның телефонға емес, штативке орнатылған камераға жазылғанын жеткізді.
Судья Ержан Жанұзақов бейнежазбаның кім түсіргенін және кім оны жариялағанын тексеріп жатқанын айтты.
Ең маңызды мәселе оқиға орнында екі рет атылған мылтық. Куәгерлер басын ала қашып, мылтықты бір-біріне сілтеп жатқандай. Оқиға орнында болған 2 қыздың бірі Нұрбекова мылтықты марқұм Нұрғанаттың қолынан көргенін айтқан еді. Алдыңғы сотта марқұм Нұрғанаттың жауап берген бейнежазбасы көрсетілді. Онда ауруханада жатқан Нұрғанатты жасырын камераға түсірген. Нұрғанат Шерзаттың бір жақтан мылтық әкелгені жайлы баяндап береді.
Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды.
Бүгінгі сот отырысында оқиға орнына кейін келген жас жігіттер күдіктілерді де, жәбірленушілерді де танымайтындарын мәлімдеді. Тек Дарын Жанболатұлы бұған дейін күдікті Нұрқияс Ілиясовпен тек амандасқанын айтты.
Куәгер Сәкен Әкежанов оқиға орнына жедел жәрдем шақырған азамат.
«Үйде ұйықтап жатқанда сырттағы шуды естідім, балалар мотоцикл айдап, шулап жатқан болар деп ойладым. Бір кезде әйелдің жан дауысы естілді, терезеден қарасам, жерде жатқан баланы он шақты жігіт тепкілеп жатыр. Артынан ол жігіттердің қашып бара жатқанын көрдім. Бір-екі рет: «Жігіттер, қойыңдар өлтіресіңдер!» деп айқайладым. Сонымен қатар жерде отырған жігіттің сол жағында жерде жатқан бір белгісіз нәрсемен оның басынан ұрды. Бірақ олардың түрін анық көрмедім. Мұның барлығы сол бір екі минуттың ішінде болды», — деді Сәкен Әкежанов.
Ал куәгер Арлан Құсайынов сол түні бәрі тарқап кеткенде ғана оқиға орнына келгенін айтты.
«Әкімшіліктің алдында үш-төрт жігіт тұрдық. Данияр Жанболатұлының анасы хабарласып: «ана жақта атыс болып жатыр қайтыңдар» деді. Оқиға орнына мен соңғы болып жеттім. Досым хабарласып қалды. Барсам бәрі тарқап кетіпті. Тек бір әйел бір азаматтың қайтыс болғанын жеткізді. Он бес минуттай тұрдым, сосын кетіп қалдым. Қайта айналып келдік, бес минуттай тұрып, қайта кетіп қалдық», — деді Арлан Құсайынов.
Куәгер Данияр Жанболатұлы сол кеште әкімдік алдында достарымен тұрғанын айтты. Бір сәтте анасы хабарласып, үйге шақырған. Телефоннан әйел адамның айғайлаған дауысы естілген соң, олар бірден үйлеріне қарай бет алған. Ол Шерзаттың достарын көргенін, бірінің басынан қан ағып тұрғанын айтты.
«Оқиға болған күні әкімдіктің алдында достарыммен сөйлесіп тұрдық. Кішкенеден кейін анам уайымдап, маған хабарласты. Сосын біз тез үйге қайтып кеттік. Негізі біз достарыммен үш көлікпен жүрдік. Мен үшінші көлікпен келдім. Құсайынов Арманмен камри көлігінде үшінші болып жеттім. Біз жарақат алған жігіттерді көрдік. Шерзаттың достарын көрдім. Біреуінің басынан қан ағып тұрды. Қалғандары қорқып қалғаны көрініп тұрды. Не болғанын түсінбедік. Жай ғана төбелес болған шығар дедік. Оқиға орнынан жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері бізді қайтарып жіберді. “Береке” дүкенінің алдына барып тұрдық. Сол кезде екі әйел адам келді. Шерзаттың анасы мен әжесі. Камера жазбасын сұрады. Ноутбуктың қуаттағышын сұрады. Олардың дүкенінде камера істемей тұрды. Сол үшін қуаттағыш керек болған. Бірінші көргенім жердегі қан болды. Және мылтықтың оғын көрдім», — деді Данияр Жанболатұлы.
Бесiнші куәгер Дәулет Мұхамедұлы да дәл жоғарыдағыдай басқа жігіттермен ілесіп оқиға орнына келген. Алтыншы куәгер Әділхан Рузиев те дәл жоғарыдағы жауаптардағыдай оқиға орнынан қансырап жатқан екі адамды көргенін әрі сол жерде жатқан оқтарды көргенін растады.
Бұған дейінгі сотта тілшілеріміз үзіліс кезінде адвокаттардан хуторлықтар жайлы және Чика деген лақап аты бар азамат жайлы сұраған еді. «Делайте» деп бұйрық берген Чика есімді адам қазір сотта куәгер.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берген еді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген еді. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Әйгілі мұнайшы, қоғам қайраткері Жақсылық Жанғазиев дүниеден өтті
- Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
- Иран ядролық қарудан бас тартып, Израильге шабуыл жасауды тоқтатуға дайын
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты
- Петропавлдық такси жүргізушілері жеті күн аза тұтады
- Алматылық жас ғалым инсультті ерте анықтаудың жолын тапты
- Иран АҚШ базаларына шабуыл жасамақшы: Израильге шабуыл жалғасады
- Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дрон шоуымен көмкерілді
- Абай облысында сотталғандардан ақша бопсалағандар жазаларын алды
- Олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлінбейтін болды