Қазақстанда коронавирустан екпе алғандар есімін неге жасырады?
Shutterstock
ORDA. редакциясы QazCovid-in екпесін өз еркімен еккізгендер туралы осы материалды дайындау барысында «клиникалық зерттеулер мен деректер құпия ақпараттар қатарына» саналатыны туралы білді.
Отандық вакцинаның клиникалық зерттеулерінің екінші және үшінші фазаларынан өтіп, QazCovid-in екпесін еккізген еріктімен біздің журналисіміз кездескен еді.
Алматылық Дариға (кейіпкердің аты оның өтінішімен өзгертіліп алынды - ред.) бастан өткізгендерін өз еркімен жеткізді. Редакцияның сұрауы бойынша ол WhatsApp - тобы арқылы басқа волонтерлармен келісіп, олар да вакцинацияның қалай өткенін айтып беруге келіскен еді, бірақ ол 30 шақты адамға өтінішін жеткізген кезде бір сағат уақыт өтпей-ақ оған QazCovid-in вакцинасы жасалған биологиялық қауіпсіздік Ғылыми - зерттеу институтынан зерттеуші хабарласып, басқа волонтерларға хабар жазбауын өтінді, олай болмаған жағдайда оны сотқа беретіндіктерін айтты.
Бұған қоса зерттеу институты редакцияға вакцинаны зерттеу туралы материалды жариялау үшін Білім және ғылым министрлігінен ресми рұқсаты керек екенін жеткізді.
ORDA. мұндай кеңестен кейін Білім министрлігінің Ғылым комитетіне рұқсат алу үшін жазған өтінішіне комитеттің баспасөз қызметі ресми жауап жолдапты.

«Қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № № ҚР ДСМ-248/2020, бұйрығына сәйкес жүреді және клиникалық зерттеулерге қатысатын барлық қатысушылар ерікті сақтандыру Келісімшартына байланысты сақтандырылады. Ал сақтандыру ақшасы мен сақтандыру шарттары жабық, құпия ақпарат ретінде үшінші тарапқа жарияланбайды».
Клиникалық зерттеулермен қатар басқа да деректер, сақтандыру ақшасы да құпия ақпаратқа жатады. Халықаралық талаптарға сай еріктілер зерттеулерге қатысарда өз еркімен келісім беріп, ақпаратты таратпау жөнінде міндет алған болатын. Осыған байланысты журналист еріктіден ешқандай ақпарат ала алмайды.
«Институттың мәлімдеуінше ұзақмерзімді зерттеулер мен бірінші-екінші фазада өткізілген клиникалық зерттеулер және үшінші фазадағы алдын ала жүргізілген зерттеулер вакцинаның адамға қауіпсіз екендігін, сондай-ақ 18+ жас категориясына теріс әсер ететін тұстары жоқ екенін дәлелдеген».
Айта кетерлігі, институттан келген жауапта не мөр жоқ, не қойылған қол жоқ. Ғылым Комитетінің баспасөз қызметі бұл салғырттықты «институттың өте шағын екендігімен» түсіндірген болды.
Комитет зерттеулердің барлығы Бүкілдүниежүзілік медицина ассоциациясының Хельсинки Декларациясына сай жүргізілетінін, сонымен қатар «Тиісті клиникалық тәжірибе» - GCP талаптары мен ҚР заңдарына сай жүргізілетінін айтып ақталып жатты.
Алайда Хельсинки Декларациясында атап көрсетілгендей, жүргізілген зерттеулерге қатысқан әр адам туралы деректер міндетті түрде тіркеледі және ол деректер базасы қолжетімді болуы керек екен.
«Адамдарға жүргізілген зерттеулер ашық түрде қолжетімді болуы керек, сондай-ақ зерттеулер жөніндегі есеп-мәліметтер шынайы болуына зерттеушілер жауапты. Тараптар этикалық принциптерден ауытқымай, зерттеулер нәтижесінің оң немесе теріс жақтарын жасырмай жариялап отыруы керек. Жарияланымда қаржы көздері, мекеме-ұйымға бағыныштылығы, мүдделік қайшылықтар туралы да айтылғаны жөн. Декларация принциптеріне қайшы келетін зерттеулер туралы есептер жарияланымға қабылданбайды».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы офисінде ORDA. тілшісіне ұйым ешбір елден қандай да бір болмасын шарттардың орындалуын талап етуге құқылы еместігін, сарапшылардың ұсыныстары тек кеңес ретінде ғана берілетінін айтты.
«Ел деңгейінде өткізіліп жатқан зерттеулерге біз араласпаймыз, оның бізге қатысы шамалы. Өйткені ол ұлттық деңгейдегі шаруа. Біздің мақсатымыз төтенше жағдайда ғана денсаулық сақтау мекемелеріне көмектесу немесе ақыл-кеңес беру, ал зерттеулерге біздің араласуға құқымыз жоқ».
Ғылым комитетінің баспасөз қызметі бізге «еріктілердің аты-жөні тіркелген жоқ, олар тек нөмірленген» десе, Дариғаның айтуынша еріктілерді бірнеше рет олардың куәліктерімен суретке түсірген.
«Мен бірінші рет барғанымда нөмірленгенбіз, екінші рет барғанымда барлық жерде куәлігімді сұрады», - деді Дариға.
Біз вакцинаны салдырғандарды құпиялап жатырмыз, ал басқалар ше? Қазақстандықтарға 1 ақпаннан бастап егілетін Ресейдің «Спутник V» вакцинасы туралы бірнеше рет жазылды.
Ресей журналисі Светлана Рейтер осы вакцинаны салдыруға еріктілердің бірі болып барды. Өткен жылдың қыркүйек айының соңынан бастап ол вакцинаны салдырғаннан кейінгі көңіл-күйін жазып отырды. Ол жазбаларды «Медуза» басылымы жариялады.
2020 жылдың қазанында Әуе-қорғаныс күштері «Спутник V» вакцинасын кімдер салдырды, олардың вакцинадан кейінгі жағдайы туралы материал жариялады.
Қазақстандықтарға DEMOSCOPE жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 45% вакцинадан бас тартқан, 21% –денсаулыққа зиян деп санайды, 14% ғана коронавирустан сақтанудың бірден бір жолы деп санаған. 33% - вакцинаны барлық сынақтардан өткен кезде ғана салдыратынын айтқан.
Сауалнамаға қатысқандардың 31% Ресей вакцинасын таңдаса, 26% қазақстандық, яғни отандық вакцинаны ең қауіпсіз және сапалы деп санаған, ал 10% неміс вакцинасын ең тиімді деп таңдаған. 3% және 1% – тиісінше АҚШ пен Қытай вакцинасын таңдапты.
Бұдан түйер түйінге келсек: Қазақстан вакцинасы туралы ақпарат құпияланбай, ашық және қолжетімді болғанда, отандық вакцинамызды таңдағандар саны мұншалықты төмен болмас па еді…
Авторы: Фариза Нарбекова
Аударған: Баян Таңатарова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық