Атырауда қарулы есірткі сатушы қолға түсті

cover

Атырауда Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде есірткі сатумен айналысқан 30 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Бұл туралы AtyrauPress хабарлайды.

Полиция 8 мамырда сағат 16:40-та күдіктіден синтетикалық есірткі ұнтағы бар төрт пакет пен полиэтилен пакетке оралған мылтық тәркілеген.

«Күдіктінің тұрақты мекенжайын тінту барысында полиэтилен пакетке оралған ұнтақ пен ас үйде кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық немесе оларға ұқсас заттарды сату мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ПД хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар