Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді

cover

Елордада күндіз 25 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты кейбір мектеп оқушылары 12 желтоқсанда онлайн оқитын болады.

«Ауа-райының нашарлауына байланысты 12 желтоқсанда 0-11 (12) сынып оқушылары және екінші ауысымдағы колледждің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқыту форматына көшуде» делінген хабарламада.

Бұл туралы елордалық білім басқармасы хабарлады.

Алдағы үш күнде «Қазгидромет» синоптиктері Астанада түнде -33 градусқа дейін аяз болады деп болжап отыр.

Ал Алматыда қар жауып тұр. Тек кешке аяқталады деп күтілуде. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13-14 желтоқсанда ауа температурасы 23-27 градус аязға дейін төмендейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар