АМТ-ның жаңа иесі «Қарметке» үкіметтен қатаң талап қойылады

cover

«АрселорМиттал Теміртау»компаниясының жаңа иесі «Қарметке» үкіметтен қатаң талап қойылады.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтары иегерлерін марапаттау кезінде айтты.

«Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компания меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың алғашқы кезеңіндегі үкіметтің  міндеті – компанияға көмектесу. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне талап қатаң болады»,- деді президент.

Үндістандық кәсіпкер Лакшми Митталға тиесілі «АрселорМитталТеміртау» компаниясын жақында қазақстандық кәсіпкер Allur Group акционері Андрей Лаврентьев 286 млн долларға сатып алған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар