Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға 6 миллиард теңге жұмсалады
Президент Әкімшілігі Алматыдағы Мемлекет басшысы резиденциясын бұзуға бөлуді жоспарлап отырған 6 миллиард теңгенің қалай жұмсалатынын айтты.
ҚР Президентінің Іс басқармасы басшысы Айбек Дәдебаевтың айтуынша, Қазақстан көпсалалы қайта құру және даму институтының техникалық есебіне сәйкес, резиденцияның жағдайы «пайдалануға жарамдылығы шектеулі» санатқа жатқызылған.
«Қазреставрация» мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізіп, өлшемдер алып, оның қорытындысы бойынша нысанды тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен шығару ұсынылды. Сондай-ақ, оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени сараптаманың негізінде нысанды ескерткіштер тізімінен шығару туралы шешім қабылдаған: бас ғимарат пен оған жақын орналасқан нысандар бұзылады.
— Бірінші кезекте шығарылатын жабдықтар: тоңазытқыш машиналар, үздіксіз қуат көздері, дизельдік генераторлар - жалпы құны 600 миллион теңгеге жуық 46 атауды алынады. Аталған техникалар басқа басқару нысандарында қолданылады. 1800 тоннаға жуық өнімді темір сынықтары ретінде тапсырамыз (яғни, 150 миллион теңге бюджетке қайтарылады). Барлық бюджетке қайтарылатын қаражат 750 млн теңге болады, - деді Айбек Дәдебаев.
Оның айтуынша, бас ғимарат пен оған жақын орналасқан нысандарды бұзуға 3 миллиард теңге кетеді.
Тағы 3 миллиард аумақ пен инженерлік ғимаратты қалпына келтіруге, яғни қала балансына берілетін нысандарға қарастырылған.
— Жұмыстың барлығы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген. Біз резиденция аумағындағы төбенің астында орналасқан инженерлік ғимаратты қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Ол саябақ ландшафтына жақсы сәйкес келеді. Онда трансформаторлық қосалқы станса орналасқан. Ол жақын маңдағы үйлерге, инженерлік жабдықтарға, қызметкерлерге арналған үй-жайларға қызмет көрсетеді.
Одан басқа толыққанды көпфункционалды бөлме бар. Ол күрделі қайта құруды қажет етеді: шатырды заманауи, желдетілетінге ауыстыру, ағынды сулардың санын көбейту, инженерлік жабдықты толығымен ауыстыру. Нысанның сыртында атқарылатын жұмыстар да ауқымды. 30 жыл ішінде бұл ғимаратты салған стандарттар да ескірген. Осылайша, дайындалған аумақты және жөндеуден өткен инженерлік ғимаратты қалаға береміз, - деп қосты Президент істерін басқарушы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы президент резиденциясын бұзып, осы жерге қоғамдық саябақ салуды тапсырған болатын. Сарапшылардың пікірінше, қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттың «пайдалану мүмкіндігі шектеулі» болған.
Еске салайық, 5 қаңтарда қарулы қарақшылар Алматыдағы президент резиденциясына басып кірген. Ғимарат толығымен тоналып, өртеніп кеткен.
Аталған резиденция 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы ғимараттың қасбетін қайта жаңғырту жоспарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық