Алматы облысында әкесі мен төрт баласы уланып қаза тапты

cover

Алматы облысында көп балалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты.

Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 4 мамырда Көлащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адамның (екі ересек және төрт бала) бұрын белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Соның салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт баласы (2010 ж.т қызы мен 2008, 2013, 2018 ж.т. ұлдары) жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Алдын ала себеп - белгісіз затпен улану» делінген хабарламада.

Мән-жайды анықтау үшін дереу шақырту орнына ТЖД-ның ғылыми-зерттеу өрт зертханасы, газ қызметі және СЭС жіберілді. Бастапқыда жиналған материал Қарасай ауданы бойынша ӨБ тапсырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар