«АЭС-ке қатысты арандатушылық»: Энергетика министрлігі полицияға арыз дайындап жатыр
Фото: Pexels
Энергетика министрлігі атом электр станциясын (АЭС) салу туралы жағымсыз пікірлердің таралуына байланысты құқық қорғау органдарына жүгінбекші.
Бұл туралы баспасөз конференциясында министр Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, АЭС салу мәселесі интеллектуалдылыққа, патриотизмге және адалдыққа өзіндік бір сынақ. Оның сөзінше, атом құрылысын түсіну үшін «терең білім қажет емес» және Қазақстан азаматтары «өз елінің дамуына, оның ішінде атом энергетикасы саласында да үлес қосуы керек».
Сәтқалиев, сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанның индустриялық дамуын бұғаттап, қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру арқылы оның жаңғыртуына қарсы шыққан адамдар белсенді әрекет етіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты министрлік полицияға арыз дайындап қойған.
«Бұл жағдайды тұрақсыздандыруға және қоғамдық пікірді бұрмалауға бағытталған әрекеттер туралы. Мен атом энергетикасын дамыту бағдарламасының қалай насихатталып жатқаны туралы жалпы айтып тұрмын. Өз уақытында сіздер егжей-тегжейін білесіздер. Энергетика министрлігі осы бағдарламаны насихаттау тәуелсіздігін қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауда. Арыз дайын, бірақ әлі құқық қорғау органдарына жіберілген жоқ», – деді министр.
Кейінірек министрлікте арыздың АЭС құрылысына қарсы өз пікірлерін білдірген журналистер мен азаматтарға қатысы жоқ екені нақтыланды. Алайда, арыз бағытталған нақты адамдар туралы мәлімет берілмеді.
Айта кету керек, Қазақстанда АЭС салу мәселесі әлі де ашық күйде қалып отыр. Соңғы шешім референдум өткізілгеннен кейін қабылданады, оның өткізілуі туралы қаулыны үкімет қазірдің өзінде қабылдады.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Мәскеу мен Мәскеу облысына украин дрондары жаппай шабуыл жасады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды