Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
Фото: Айқын
Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан №14 колонияда сотталғандар өздерінше топ құрып, екі жыл бойы өзге тұтқындардан ақша бопсалап келген,деп хабарлайды Orda.kz.
Ақша беруден бас тартқандарды ұрып-соғып, қорқытып отырған. Енді бұл топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды.
Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл топ 2022–2024 жылдар аралығында жұмыс істеген. Бірнеше сотталған адам бірігіп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқа жазасын өтеушілерден тұрақты түрде ақша жинап отырған.
Қаражатты олар банктік карталарға және мобильді қосымшалардағы шоттарға аударуды талап еткен. Бас тартқан жағдайда жәбірленушілерге қорқыту, ұрып-соғу және қорлау әрекеттері жасалған.
Сот алдында барлығы он адам жауапқа тартылды. Сот оларды ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бопсалау және алаяқтық баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Айыпталушылардың әрқайсысына 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық