Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
Фото: Нұрбибі Нұрқаділованың мұрағатынан
Нұрқаділовтің немересі өздерінің танымал тегі әлі күнге дейін иықтарына ауыр жүк болып, өмірде әр түрлі кедергілерге тап болып отырғандарын жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова Threads желісінде әкесі төңірегіндегі жағдай туралы ашына жазды.
Оның сөзінше, атасы тірі кезінде әкесіне үнемі хабарласып, жағдай айтып, кездесуге ұмтылатындар көп болған, сондай-ақ одан көмек сұрайтындар да аз емес еді.
Нұрбибінің айтуынша, қазір сол адамдардың көбі әкесінің хабарламаларына жауап бермейді әрі ешқашан оның көмегін көрмегендей кейіп танытып, қашқақтайды екен.
Ол 59 жастағы әкесінің жұмыс іздеуге мәжбүр болып жүргенін көру өзіне ауыр тиетінін жасырмай жазды.
«Бүгін әкеммен тағы да кездестім. Тағы да атамның іс-әрекеттерінің оған, бізге қалай әсер еткені туралы әңгіме болды. Тағы да оның көңілі қалған, үміті үзілген жанарын көрдім. Тағы да осы жағдайға қатысы бар адамдардың бәріне ашуландым. Бұл тегіміз әлі күнге дейін иығымызға ауыр жүк болып түсіп тұр. Өкінішті-ақ» деп жазды Нұрбибі.
Еске салсақ, Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов – Қазақстандағы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер. Ол 1944 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Оның қызмет жолы жоғары болды. Ол Алматы қаласының әкімі болды, Алматы облысын басқарды,
мәжіліс депутаты болды, Төтенше жағдайлар саласында да жетекшілік етті.
1990-жылдары ол елдегі ықпалды саясаткерлердің бірі саналды. Кейінірек билікпен келіспей, оппозициялық көзқарасқа өтті.
Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы Алматыда өз үйінде қайтыс болды. Ресми нұсқа бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған, бірақ оның жақындары мен жақтастары бұл пікірмен келіспей, оны саяси қастандық деп санайды.
Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлі күнге дейін ашық қалған тақырып.
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы – Қайрат Нұрқаділов 1967 жылы туған. Әкесінің аты оған екі түрлі әсер етті. Біріншіден, үлкен жауапкершілік пен қысым. Әкесі танымал әрі даулы тұлға болғандықтан, Қайрат үнемі қоғам назарында болады.
Оның кез келген әрекеті «Нұрқаділовтің баласы» ретінде бағаланатыны да рас. Қоғам одан әкесінің деңгейіндегі саяси белсенділік күтеді. Қайрат Нұрқаділов бірнеше рет әкесінің өлімін қайта тергеуді талап етіп, әрекеттеніп көрді, нәтиже болмаған соң келесі ұрпақтың үлесіне қалдырып, жылы жауып қойған сияқты.
Себебі, Бас прокуратураға қайта қарау туралы өтініш берген, бірақ одан бас тартылған. Бұл оның өмірінде маңызды әрі ауыр тақырып болып қала бермек.
Оқи отырыңыз:
- Қайрат Нұрқаділов сайлауда Рысбек Сәрсенбай ағасына жол берді
- Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне қатысты тергеуді қайта бастауды талап етті
- Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерін жариялады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық