ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев елге босқындардың көптеп келуі мүмкін деген қазақстандықтардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында Еуроодақ елдері мигранттарды депортациялау үшін Қазақстан мен Өзбекстан аумағында экстерриториялық лагерьлер салуды жоспарлап отыр деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәліметті еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жедел түрде жоққа шығарды.
Министрдің айтуынша, Шенген аймағына кіретін елдер заңсыз көші-қонға байланысты шекаралық бақылауды күшейтуге құқылы. Қазақстан да заңсыз иммиграцияны азайту бағытында шаралар қабылдап жатыр.
«Бізде де осындай шаралар қолға алынған. Біз де заңсыз иммиграцияның көлемі мен санын азайтуға тырысып жатырмыз. Жалпы алғанда, оны толықтай жоюға ұмтыламыз», — деді министр.
Көшербаев азаматтарда осындай алаңдаушылық болса, Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілер арқылы қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін айтты.
«Біз әлеуметтік желілер арқылы тағы да түсіндіріп, негізгі мәселеге қатысты күмәндарды сейілтуге тырысамыз», — деді ол.
Еске салсақ, биылғы наурыз айының басында БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі Иран билігінің деректеріне сүйене отырып, соғыстың алғашқы екі күнінде Тегеран қаласынан шамамен 100 мың адам кеткенін мәлімдеген болатын.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Балочтың айтуынша, күн сайын астанадан шамамен 1 000–2 000 автокөлік шығып отырған. Көліктер негізінен солтүстік бағытқа қарай бет алған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық