«Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында жәбірленуші тарап айыпталушыдан 70 миллион теңге өндіруді талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Dalanews.kz мәліметінше, марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова соттан Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын өндіріп беруді сұраған.
Сотта айыпталушы талап арызбен келісетінін, алайда аталған ақшаны қайтара алатынына кепілдік бере алмайтынын айтты.
«Талап арызды қабылдаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын. Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр», — деді Сұлтан Сәрсемәлиев.
Сот отырысында айыпталушы қылмысқа не себеп болғанын да түсіндіруге тырысты. Democrat.kz жазуынша, ол бірнеше жылға созылған ішкі күйзеліс пен марқұмдардың отбасымен болған жанжалдың салдарынан осындай қадамға барғанын айтқан.
Сәрсемәлиев бұрынғы әйелінің туыстары балаларын өздеріне алып қояды деп қорыққанын жеткізді.
«Олармен қаншама рет тіл табысқым келді. Бірақ болмады. Ішкі жан айқайымды түсіндіре алмадым. Балаларымды олар алып қойғанша, өзіме қол салайын деп те ойландым. Мен тіріде осылай болып жатыр, мен өлсем, балаларыма қиын болады ғой дедім. Анам немересінен, баласынан айырылады деп жаным күйді. Екі балам да шешеме бауыр басқан. Анамның тілін алатын. Нағашыларына барғысы келмей, өз әжесінің қасында жүргісі келетін. Түңілгеннен болды, жетіскеннен емес», деді ол.
Басылымның жазуынша, бұл сөздерді айтқан кезде айыпталушының дауысы дірілдеп, көзіне жас алған. Қазіргі уақытта іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық