«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді.
Нұрлан Жақыпов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қор басқаруындағы активтер 88 миллиард доллар болғанын айтты.
Оның айтуынша, ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған.
Бұл бастамалар еліміздегі көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қор жобалары ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік аясында жылына шамамен 1 миллион қазақстандыққа қолдау көрсететіні жөнінде баяндады.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы шеңберінде ел аумағы бойынша 5 миллион көшет егу көзделген. Бұл ретте 2024-2025 жылдары 5,8 миллион ағаш отырғызылған.
Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында 856 миллиард теңгеге 100-ден аса әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарланғанын мәлімдеді.
Жаңа кластер жұмыс істей бастаған соң «Қазақтелеком» портфелдік компаниясындағы суперкомпьютер қуаты төрт есе артады. Бұл еліміздің жасанды интеллект, деректерді өңдеу және өнімі жоғары есептеуіш саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы қордың негізгі жұмыс бағыттары, соның ішінде басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық