Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
Фото: Ақсу қаласы әкімінің Instagram
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір бір жылдан кейін қайтадан суға батып кетті. Белая өзені арқылы өтетін жалғыз өткелден айырылған төрт ауылдың тұрғындары әкімдіктің әрекетсіздігіне шағымдануда, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Ақсу қаласына қарасты Көктас ауылындағы көпірдің су астында қалғаны түсірілген видео тарады. Бейнежазба авторлары жергілікті биліктің мәселені шешуге асықпайтынын айтып шағымданып жатыр. Енді олар мал азығын дайындайтын шабындықтарға өте алмай отыр.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, ұзындығы 66 метр, ені 7 метр болатын понтон көпір 2006 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ол Белая өзенінің арғы жағындағы шабындықтарға қатынау үшін қажет.
Әкімдіктің мәліметінше, понтон көпірге өткен жылы «СтройЭталон» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оған бюджеттен 34 млн теңге жұмсалған. Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ көпірден ақаулар шыға бастаған екен.
«Биыл сәуір айында көпірді пайдалану барысында дәнекерленген тігістердің ажырауы және құрылғының тозғаны анықталды. Кейін көктемгі су тасқыны кезінде көпір су астында қалып, пайдалануға жарамсыз болды», деп хабарлады Ақсу қаласы әкімдігі.
Осыған байланысты ауылдық округ әкімдігі мердігер компанияны кепілдік міндеттемелерін орындауға міндеттеу үшін сотқа жүгінген. Істі қарау барысында тараптар медиативтік келісімге келген.
«Медиациялық келісімге сәйкес, «СтройЭталон» ЖШС көпірді қалпына келтіру жұмыстарын 2026 жылғы 25 шілдеге дейін аяқтауға міндеттенді. Қосымша бюджет қаражатын бөлу қарастырылмайды, жөндеу жұмыстары мердігердің кепілдік міндеттемелері аясында жүргізіледі», деп мәлімдеді әкімдік.
Айта кетейік, Көктас ауылындағы бұл понтон көпір өткен жылы да суға батып кеткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық