Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
Фото: elordainfo.kz
Алматылық «Қайрат» клубы мансабын ағылшынның «Челси» клубында жалғастыратын Дастан Сатбаевпен қоштасты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында «Қызылжарға» қарсы матч алдында клуб 17 жастағы шабуылшыға арнайы салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.
«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшыға 58 нөмірі бейнеленген естелік жейдені табыстады. Бұл – Сатбаевтың негізгі құрам сапында өткізген матчтарының саны. Сондай-ақ стадионда оның есімі жазылған баннер ілінді.
Алматылық клуб сапындағы соңғы ойынында шабуылшы дубль жасап, жарқырай көрінді. «Қайрат» Орталық стадионда «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Сатпаев 59 және 87-минуттарда гол соқты, тағы бір голдың авторы — Исмаил Бекболат.
Осы кездесуден кейін футболшы Англияға аттанады. Еске салайық, 2025 жылдың басында лондондық клуб қазақстандық шабуылшының трансферін отандық футбол үшін рекордтық 4,3 миллион еуроға сатып алған болатын.
Біз бұған дейін жас та болса танылып үлгерген Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысатынын жазған едік. Дастан Сәтбаев үшін бұл кездесу лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойыны болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық