Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
Фото: primeminister.kz
Қазақстанның әлемнiң аса маңызды теңiз бағыттарының бiрi — Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында өз учаскесi болады. Дәл осы тар дәліз арқылы әлемдік мұнайдың едәуір бөлігі өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөздің негізгі тақырыптарының бірі порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран тарабы Қазақстанға Шахид Раджаи (Бендер-Аббас) портынан жер учаскесін бөлу мәселесін келісу аяқталғанын хабарлады.
Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін учаске Қазақстан жағына беріледі. Бұған жауап ретінде Қазақстан Иранға Ақтау және Құрық порттарындағы алаңдарын, айлақтар мен терминалдарды Каспийдегі ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамыту үшін беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін растады.
Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Иран Ислам Республикасының делегациясымен екіжақты кездесу өткізді. Иран делегациясын жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастап келді.
Кездесу барысында екі жақ 2025 жылдың желтоқсанында Иран президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, порт инфрақұрылымын кеңейту, өзара сауда көлемін арттыру және екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды жетілдіру мәселелері қаралды.
Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин Иранның Қазақстан үшін өңірдегі негізгі сауда-экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтті.
«Ынтымақтастықты нығайту – мемлекет басшылары қойған стратегиялық міндет. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 26,4%-ға өсіп, 430,2 млн АҚШ долларына жетті. Бұл алдағы уақытта өзара сауданы 3 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі Жол картасы аясында, сондай-ақ Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімнің арқасында әлеуеттің жоғары екенін көрсетеді», – деді ол.
Өз кезегінде Фарзане Садек бұл сапардың мақсаты – бұрын қол жеткізілген келісімдерді нақты іске асыру және қазіргі геосаяси жағдайда ерекше маңызға ие көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту екенін жеткізді.
Тараптар «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Иран «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» бағыттарының торабында орналасқан, бұл транзиттік тасымалдарды арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы жүк тасымалы 12%-ға өсіп, 3,5 млн тоннаға жетті. Ал екі ел арасындағы теміржол тасымалы 69%-ға артқан.
Маршруттың әлеуетін толық ашу үшін Серік Жұманғарин көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірлескен Жол картасын әзірлеуді ұсынды. Бұл шаралар дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тараптар Қытай, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Түркия арасында жасалған бесжақты теміржол келісімінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран арасында жасалатын төртжақты тарифтік келісім де сауда мен транзит көлемін арттыруға қосымша серпін береді.
Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі – порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран жағы Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында Қазақстанға жер учаскесін бөлу мәселесі келісілгенін хабарлады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң, бұл жер Қазақстанға беріледі.
Бұдан бөлек, Иран Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына тікелей шығуды қамтамасыз ететін Чабахар портында жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынды. Фарзане Садектің мәліметінше, Захедан – Чабахар теміржол желісінің құрылысы 90%-дан астам аяқталған және жақын айларда пайдалануға беріледі. Бұл желі іске қосылғаннан кейін Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісіне қосылады.
Өз кезегінде Қазақстан Иранға Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарындағы алаңдар, айлақтар мен терминалдар ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жедел жүзеге асыруға, инвестор тарту жұмыстарын үйлестіруге және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ниетті екенін растады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық