Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
Фото: Айқын
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі сейсмология саласын цифрландыруды жеделдетіп, жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жер сілкінісі қаупі туралы хабарламаларды барынша қысқа уақытта жеткізуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз депутаттық сауалында ол сейсмикалық тәуекелдерді басқарудың бірыңғай ұлттық жүйесіне мониторинг, деректерді талдау және халықты ерте ескерту тетіктерін қосуды ұсынды.
«Саланы цифрландыруды күшейту қажет. Жер сілкінісі кезінде әрекет ету уақыты секундтармен өлшенуі тиіс. Бұл жерде жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек», — деді депутат.
Әбутәліп Мүтәлінің пікірінше, Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйенуі қажет. Онда жер сілкінісінен қорғанудың ең тиімді тәсілі ретінде сейсмикалық бақылау деректерін, маңызды инфрақұрылымды және құрылыс саласын біріктіретін бірыңғай цифрлық жүйе қарастырылады.
«Мысалы, Жапонияда Жер сілкіністерін шұғыл анықтау және хабарлау жүйесі (Urgent Earthquake Detection and Alarm System) жүйесі нақты уақыт режимінде жүздеген станциядан келетін сигналдарды өңдейді. Соның арқасында жойқын толқын жеткенге дейін бірнеше секунд бұрын жоғары жылдамдықты пойыздар автоматты түрде тоқтатылып, өндірістік нысандарда газ беру тоқтатылады», — деді ол.
Осындай жүйелер АҚШ-та да қолданылады. Онда «ШейкАлерт» бағдарламасы сейсмикалық микроаудандастырудың цифрлық карталарымен біріктірілген. Соның негізінде құрылыс саласына бірқатар қатаң талаптар енгізілген.
«Калифорнияда құрылыс салушы ғимарат параметрлері нақты жер телімі тәуекелдеріне сай келмесе, жобалауға рұқсат ала алмайды. Әлемдік озық тәжірибенің басты сабағы — жер асты дүмпулерін жай тіркеуден гөрі тәуекелдерді алдын ала басқаруға көшу», — деді депутат.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық аудандастыру карталарын қала құрылысы жоспарлауына енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда жүйенің тиімділігін арттыру үшін геодеректер инфрақұрылымын дамытып, оны аумақтық жоспарлау үдерістеріне толық біріктіру қажет.
«Жалпы сейсмологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істеп тұр және дамып келеді. Дегенмен бақылау желісінің қамту ауқымын кеңейтіп, оны елдің сейсмикалық қауіпті аймақтары бойынша біркелкі орналастыру қажет. Бұл бақылау деректерінің толықтығын арттырады», — деді Әбутәліп Мүтәлі.
Осыған байланысты ол мониторинг, деректерді талдау және халықты ерте ескерту жүйелерін біріктіріп, сейсмикалық тәуекелдерді басқарудың бірыңғай ұлттық жүйесін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі күші бес балдан асқанда ғана шұғыл хабарламалар таратылатынын мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық