«Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
Фото: TH/ @papawayupa
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Алматыда сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеген әйелге қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрден Алматыда сәбиін қолына алып курьер болып жұмыс істеген әйелге қатысты жағдай сұралды. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырып, қоғамда қызу талқыланған еді.
Асқарбек Ертаевтың айтуынша, отбасы жақында Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Оның сөзінше, әйелдің жұбайы ІТ саласының маманы, ал жұмыспен қамту орталығы арқылы оған бірнеше бос жұмыс орындары ұсынылған.
Министр сондай-ақ әлеуметтік желіде тараған «бала қалдыратын жер болмады» деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, отбасының жағдайы жаман емес.
«Оның несиесі бар, 2 миллион теңгелік көлігі бар. Олар Шымкентте өте жақсы тұрады. Жалпы, оның туған ағасы бар, ол ломбард саласында жұмыс істейді, ата-анасы да жаман тұрмайды, сондықтан олардың материалдық жағдайы жақсы. Оларға жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс ұсынылды, біз олардың қандай да бір қиын жағдайға тап болғанын көріп тұрған жоқпыз», — деді министр.
Сонымен қатар, министрлік жеткізу қызметінің жұмысына да тексеру жүргізбек. Ведомствоның сұрағы — әйелдің сәбиімен бірге жұмысқа қалай жіберілгені.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде кішкентай сәбиін құшақтап, арқасына үлкен сөмке асып алып тапсырыс тасып жүрген курьер келіншектің фотосы тарап, жұрттың назарын аударған еді. Үш күн бойы Қазнет қолданушылары жаппай іздеу салған жас ана ақыры Алматыдан табылғанын жазған едік.
Оқи отырыңыз:
Қазнет іздеген курьер-ана табылды
«Алаяқтардан алданып, қарызға батқан»: Курьер-ананың жағдайы айтылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық