«Әкімдер толық көлемде орындауы тиіс»: Смайылов тапсырма берді
Бүгін Үкімет отырысы өтіп, Қазақстанның елді мекендерін газдандыру барысы қаралды.
Мемлекет басшысы елді газдандыруды 60%-ға жеткізу жөнінде міндет қойды. Жалпы «көгілдір отынға» 11,8 млн-нан астам тұрғыны бар 1 800-ден астам елді мекен қосылуы тиіс.
– Бұл тапсырманы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» компаниялары мен әкімдер толық көлемде орындауы тиіс, – деді Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы 2019 жылы салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры бойында тиісті инфрақұрылым тартылып, қажетті іске қосу кешендері орнатылғанын айтты. Алайда Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарын көптен күткен газға қосу қарқыны өте төмен деңгейде қалып отыр.
– Бұл өңірлердің тұрғындары газ тарату желілері жоқ, рұқсат құжаттарын алу қиын және газға қосылу қымбат деп шағымданады. Бұл осы өңірлерге ғана емес, сонымен қатар газбен қамтылған басқа өңірлерге де қатысты, – деді ол.
Смайыловтың айтуынша, газ инфрақұрылымының әбден тозуы да – маңызды мәселе.
– Жылу желілері әбден тозып біткен Екібастұз бен Рудныйдағы жағдайды бәріңіз көріп отырсыздар. Ал газ желілеріне қысым өте жоғары, сондықтан қауіп те жоғары. Магистральдық газ құбырларының басым бөлігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған және қомақты қаражатты қажет етеді, – деді премьер-министр.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру