«Абзал пышақтан қанды сүрткенін көрдім»: Шерзаттың ісіндегі күдіктіні Қаржаубайдың кешірімі құтқара ма?
Фото: Orda.kz
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың ісі бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Думан Ысқақтың айтуынша, ол сол түні төбелеске араласпаған, тек қана Нұрбол Тоқтаубаев спирттік ішімдік ішкен соң оның көлігін айдап, оны тасып жүрдім дейді.
«4-қазан күні Нұрбол Тоқтаубаев хабарласып, ішіп алғанын айтып, көлігін айдап үйге апарып тастауын сұраған. Біз «Эйфория» мейрамханасының алдында тұрғанымызда Тоқтаубаев Әскентайды ұрып кетті деген соң, біз дүкен жаққа бардық. Нұрбол шығып, дүкеннің алдында Қаржаубаймен сөйлесіп жатты. Біраздан соң мен барып Қаржаубайдан не болғанын сұрадым. Ол кісі ақшаның Қалтаева деген азаматшадан түсу керектігін айтты. Бірақ одан түспепті, ақша Светлана деген адамнан түскенін айтып жатты. Мен сөйлесіп болған соң көліктің ішінде отырдым. Төбелеске араласпадым. Мен Шерзаттың қайтыс болғанын ертесіне естідім және маған тағылған «ауыр қылмысты хабарламады» деген айыпты мойындамаймын. Ал полиция қызметкерлері менен жауап алуға 7-қазанда шақырды», — деді Ысқақ.
Сондай-ақ, ол төбелес аяқталғаннан кейін басты сотталушы Абзал Шынасылдың көлік маңында пышақты сүлгімен сүртіп жатқанын көргенін жеткізді. Еске сала кетейік кәмелетке толмаған сотталушыға марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім беретіндігін айтқан. Қазіргі кезде оған қылмысты хабарламады деген айып тағылып отыр.
Еске сала кетсек, 4 қазан күні Талғардағы «Қамажай» дүкеніне бір топ адам келіп, дау туып соңы дүкен иесінің баласы 16 жастағы Шерзаттың өлімімен аяқталған еді.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетті.
9 желтоқсанда оқиға орнында болған жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Шерзаттың зиратының маңынан табылды.
Бүгінгі сотта Азаматтан Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды. Оның сот алдындағы жауабын мына жерден оқыңыз.
Еске сала кетсек, бұған дейін Азамат Тоқтаубаевтың ағасы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген болатын. Оның айтуынша, оқиға кезінде досы Дархан көмек сұрап, көзінен жарақат алғанын айтып, дүкенге шақырған. Ол өзін және інісі Азамат Тоқтаубаевты тергеушілердің ұрып-соққанын, қысым көргенін айтып, алғашқы жауабынан бас тартты. Ал оның алдында Дархан Әскентай сот алдында жауап берген болатын. 4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынша ұсталды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:
- Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
- Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
- Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Думан Ыскақ Кайдарұлы - кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық